Қазақстанда 6,4 млн тонна астық жиналды

© Photo : пресс-служба акима Актюбинской областиСбор урожая
Сбор урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2024
Жазылу
Атап айтқанда 4,5 млн тонна бидай, 1,5 млн тонна арпа, 57 мың тонна сұлы бастырылды
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Бүгінгі таңда 4,2 млн гектардан дәнді дақыл жиналып, 6,4 млн тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік өнімділік – 15,3 ц/га, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Атап айтқанда 4,5 млн тонна бидай, 1,5 млн тонна арпа, 57 мың тонна сұлы бастырылды.
Сондай-ақ 669,8 мың тонна картоп, 1,5 миллион тоннадан астам көкөніс дақылдары жиналды. Бақша дақылдарының өнімі 2,3 млн тоннадан асты.
Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды.
Сельское хозяйство - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2024
"Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында 14 500 шағын несие берілді
Жаңалықтар
0