5G желісі 2025 жылдың соңына дейін барлық облыс орталығын қамтиды – Бектенов

© Sputnik / Санат ИмангалиевКруглый стол "Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира", посвященный российско-казахстанским отношениям
Круглый стол Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира, посвященный российско-казахстанским отношениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2024
Жазылу
Қазақстан цифрландырудан әлемдегі үздік 30 елдің қатарына кіреді және онлайн сервистер бойынша 8-ші орында
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. 2025 жылдың соңына дейін 5G желісі Қазақстанның барлық республикалық маңызы бар қаласы мен облыс орталықтарын қамтиды.
Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты конференциясының ашылу рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, барлық мемлекеттік қызметтің 90 пайыздан астамы республика тұрғындары үшін мобильді құрылғылар арқылы қолжетімді.
“Жақында Қарағандыда бір ғимаратта әртүрлі ұйымдардың барлық қызметін көрсететін “Азаматтарға ыңғайлы қызмет көрсету орталығы” ашылды. Мұндай орталықтар еліміздің барлық ірі қаласында ашылады”, - деді Бектенов.
Жалпы, 2029 жылдың соңына қарай біз халық пен бизнестің цифрлық ресурстарға тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін толыққанды экожүйені құруды жоспарлап отырмыз, деді Қазақстан премьер-министрі.
“Өзіміздің электронды ресурстарымызды жасау үшін біз жасанды интеллект саласындағы өнімдерді әзірлеп жатырмыз”, - деді Бектенов.
Премьер-министр сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі жолдауын еске алды.
“Келесі жылы Астанада Ұлттық Жасанды интеллект орталығы құрылады. Бұл орталық тиімді шешімдерді таңдаудың негізгі алаңына айналады. Біз барлық елмен, соның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерімен осы саладағы ынтымақтастықтың дамуын құптаймыз”, - деді үкімет басшысы.
Бектенов сонымен қатар “Цифрлық Жібек жолын” дамыту аясында Батыс-Шығыс жобасының транзиттік әлеуетін одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстан көрші елдермен бірге Каспий теңізінің түбімен Парсы шығанағы елдеріне шығатын оптикалық-талшықты байланыс желілерін тарту жобасын жүзеге асырып жатқанын айтты. Оның айтуынша, бұл жаңа технологияларды әзірлеу және ірі Big Tech компанияларын тарту үшін деректерді жинау, сақтау және өңдеудің заманауи инфрақұрылымын құруға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0