160 млн теңгенің астығын жымқырған компания басшысы сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2024
Жазылу
Сондай-ақ ол құны 118 млн теңгеден асатын 996 тонна астықтың бүлінуіне кінәлі деп танылды
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. "Астық қоймалары" ЖШС өкілдіктерінің директоры 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Антикор.
"Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Астық қоймалары" ЖШС "№2 Нан базасы" және "№5 Нан базасы" өкілдіктерінің бұрынғы директоры М.Е. Жүсіповке қатысты үкім шығарды", - деп жазылған хабарламада.
Ол 160 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік астығының мемлекеттік резервтік қорын жымқырғаны және 118 млн теңгеден асатын 996 тонна астықтың бүлінуіне әкеп соққан немқұрайлылығы үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен мүлкі тәркіленіп, 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сонымен бірге мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0