https://sputnik.kz/20240902/toqaev-tagy-10-myn-shaqyrym-zholdy-zhondeudi-tapsyrdy--46744951.html
Тоқаев тағы 10 мың шақырым жолды жөндеуді тапсырды
Тоқаев тағы 10 мың шақырым жолды жөндеуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр 02.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-02T11:49+0500
2024-09-02T11:49+0500
2024-09-02T11:49+0500
қазақстан халқына арналған жолдау
https://sputnik.kz/img/07e8/07/18/45847134_0:22:1279:741_1920x0_80_0_0_0fdc2959599cbbee153ad76dd534f9b3.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық, деген мемлекет басшысы жол саласындағы мәселелер мен міндеттер туралы айтты. Ол теміржол саласында реформа жасау үшін тариф жүйесі қайта қаралуы керек екннін және бұл айдан анық нәрсе екенін жеткізді. "Жаңа тарифтер теміржол желісін қалыпты жағдайда сақтауға және оның тасымал қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. "Қазақстан темір жолы" компаниясы үш ірі инфрақұрылымдық жобаны қолға алды, яғни теміржол салып жатыр. Оның жалпы ұзындығы мың шақырымнан асады. Бұл жобалар бекітілген мерзімде және өте сапалы іске асырылуға тиіс", - деді президент. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында автокөлік жолдарының жай-күйі де өзекті мәселе екенін айтты. "Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. 2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Дегенмен ол бұл мәселеде саннан гөрі сапа маңыздырақ екенін ескертіп, сол үшін инновациялық заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданған абзал екенін мәлімдеді. Бұл жұмысқа қоғамдық бақылауды күшейту үшін бірыңғай цифрлық платформаны іске қосқан жөн, деді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/18/45847134_132:0:1148:762_1920x0_80_0_0_c309de909268190b93b11c2780ae8f88.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан халқына арналған жолдау
қазақстан халқына арналған жолдау
Тоқаев тағы 10 мың шақырым жолды жөндеуді тапсырды
Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық, деген мемлекет басшысы жол саласындағы мәселелер мен міндеттер туралы айтты.
"Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Сондықтан көлік инфрақұрылымына салынып жатқан әрбір инвестиция өзін-өзі ақтайтыны сөзсіз. Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек. Сондай-ақ тиімді жұмыс істейтін әуе хабтарын, теміржол бекеттері мен теңіз порттарын салуымыз қажет. Бұл ретте бірқатар кешенді мәселені шешкен жөн", - деді Тоқаев.
Ол теміржол саласында реформа жасау үшін тариф жүйесі қайта қаралуы керек екннін және бұл айдан анық нәрсе екенін жеткізді.
"Жаңа тарифтер теміржол желісін қалыпты жағдайда сақтауға және оның тасымал қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. "Қазақстан темір жолы" компаниясы үш ірі инфрақұрылымдық жобаны қолға алды, яғни теміржол салып жатыр. Оның жалпы ұзындығы мың шақырымнан асады. Бұл жобалар бекітілген мерзімде және өте сапалы іске асырылуға тиіс", - деді президент.
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында автокөлік жолдарының жай-күйі де өзекті мәселе екенін айтты.
"Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. 2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дегенмен ол бұл мәселеде саннан гөрі сапа маңыздырақ екенін ескертіп, сол үшін инновациялық заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданған абзал екенін мәлімдеді. Бұл жұмысқа қоғамдық бақылауды күшейту үшін бірыңғай цифрлық платформаны іске қосқан жөн, деді президент.