https://sputnik.kz/20240902/toqaev-qarashyganaqta-gaz-ondeu-kasipornynyn-qurylysyn-zhedeldetudi-tapsyrdy-46755812.html
Тоқаев Қарашығанақта газ өңдеу кәсіпорнының құрылысын жеделдетуді тапсырды
Тоқаев Қарашығанақта газ өңдеу кәсіпорнының құрылысын жеделдетуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 қыркүйек - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарашығанақта газ өңдеу кәсіпорнының құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды "Мой город". 02.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-02T18:18+0500
2024-09-02T18:18+0500
2024-09-02T18:18+0500
газ өңдеу зауыты
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1c/34377751_0:84:1600:984_1920x0_80_0_0_73fb964c71fc89b45c027c6d7eb1cc05.jpg
АЛМАТЫ, 2 қыркүйек - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарашығанақта газ өңдеу кәсіпорнының құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды "Мой город". Мұндай кәсіпорындар жақын арада Жаңаөзен мен Қашағанда пайда болуы тиіс. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту міндеті өзекті екенін айтты. Оның айтуынша, елімізде полипропилен мен полиэтилен өндіретін ірі өндірістер іске асырыла бастады. Бутадиен, карбамид, терефтал қышқылын өндіру бойынша басқа да перспективалы жобалар әзірленуде. Президент Үкіметке Жаңаөзенде, Қашаған мен Қарашығанақта газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын жеделдетуді тапсырды. "Саланы табысты дамыту үшін барабар тарифтер мен көтерме бағаларды ұсынуды қоса алғанда, инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған пәрменді ынталандыруларды қысқа мерзімде енгізу қажет. Мұндай жағдайлар газ кен орындарын геологиялық барлауға жаңа инвестициялар үшін өте маңызды. Әйтпесе, экономиканы газдың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету мүмкін емес", - деп түйіндеді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1c/34377751_88:0:1512:1068_1920x0_80_0_0_88d22cbc5358dd58e8542bd23a38f67d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ өңдеу зауыты, мұнай
Тоқаев Қарашығанақта газ өңдеу кәсіпорнының құрылысын жеделдетуді тапсырды
АЛМАТЫ, 2 қыркүйек - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарашығанақта газ өңдеу кәсіпорнының құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды "Мой город".
Мұндай кәсіпорындар жақын арада Жаңаөзен мен Қашағанда пайда болуы тиіс. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту міндеті өзекті екенін айтты. Оның айтуынша, елімізде полипропилен мен полиэтилен өндіретін ірі өндірістер іске асырыла бастады. Бутадиен, карбамид, терефтал қышқылын өндіру бойынша басқа да перспективалы жобалар әзірленуде.
"Ұзындығы 800 шақырымнан асатын "Орта Азия – Орталық" магистральдық газ құбырының учаскелерін жаңғырту аяқталды. Қуаттылықты кеңейту және газ тасымалдау маршруттарын әртараптандыру қажет. Үкіметтің басты міндеттерінің бірі халық пен экономиканы газбен қамтамасыз ету болып қала береді. Өткен жылы бірқатар газ кен орындарын пайдалану басталды, сондай-ақ жалпы өндіру көлемі жылына бір миллиард текше метр болатын жаңа газ кен орындарын игеру жоспарлануда. Алайда, бұл жобалар толық іске қосылғанға дейін ішкі нарыққа газ жеткізуді ұтымды бөлу керек, ЖЭО мен тұрмыстық тұтынушыларды көмірден газға ауыстыруға өлшеп қарау керек", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Үкіметке Жаңаөзенде, Қашаған мен Қарашығанақта газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын жеделдетуді тапсырды.
"Саланы табысты дамыту үшін барабар тарифтер мен көтерме бағаларды ұсынуды қоса алғанда, инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған пәрменді ынталандыруларды қысқа мерзімде енгізу қажет. Мұндай жағдайлар газ кен орындарын геологиялық барлауға жаңа инвестициялар үшін өте маңызды. Әйтпесе, экономиканы газдың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету мүмкін емес", - деп түйіндеді ол.