https://sputnik.kz/20240902/prezident-zheke-tabys-salygyn-ozgertetin-kez-kelgenin-malimdedi-46743462.html
Президент жеке табыс салығын өзгертетін кез келгенін мәлімдеді
Президент жеке табыс салығын өзгертетін кез келгенін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Тоқаев жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруға болатынын жеткізді 02.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-02T11:32+0500
2024-09-02T11:32+0500
2024-09-02T11:32+0500
салық
https://sputnik.kz/img/07e8/09/02/46742532_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_45c802b2f023b8caa5507b763cb351ca.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке табыс салығы мен салық берешегін реттеу жүйесін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайы Sputnik Қазақстан тілшісі.Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында алдымен жеке табыс салығын табысқа қарай төлеу қажеттігін ерекше атап өтті.Оның ойынша, мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болады."Ал салық берешегі осы шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс. Яғни, борышкердің банктегі есеп-шоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек. Ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет",-деп атап көрсетті Тоқаев.Ал кәсіпкерлер өздері пайдаланатын салық жеңілдіктері бойынша есеп беруге тиіс. Бизнесті дамытуға нақты септігі тиетін жеңілдіктерді ғана қалдырған абзал."Мысалы, өндірісті өркендетеміз деген инвесторларға артықшылық беруге болады. Яғни, құрылыс салуға, активтерді сатып алуға, жаңғыртуға және қайта құруға бір реттік салық жеңілдігін берген жөн. Терең өңделген өнімді экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру маңызды. Олар өзге бизнеске қарағанда көбірек қолдауға ие болуы керек",-деді мемлекет басшысы.Осы орайда президент жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруға болатынын жеткізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/02/46742532_140:0:1123:737_1920x0_80_0_0_b7cc444567115856cf2dddca8e3fa3fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық
Президент жеке табыс салығын өзгертетін кез келгенін мәлімдеді
Тоқаев жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруға болатынын жеткізді
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке табыс салығы мен салық берешегін реттеу жүйесін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайы Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында алдымен жеке табыс салығын табысқа қарай төлеу қажеттігін ерекше атап өтті.
"Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеттігі туындап отыр", - деді президент.
Оның ойынша, мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болады.
"Ал салық берешегі осы шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс. Яғни, борышкердің банктегі есеп-шоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек. Ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет",-деп атап көрсетті Тоқаев.
Ал кәсіпкерлер өздері пайдаланатын салық жеңілдіктері бойынша есеп беруге тиіс. Бизнесті дамытуға нақты септігі тиетін жеңілдіктерді ғана қалдырған абзал.
"Мысалы, өндірісті өркендетеміз деген инвесторларға артықшылық беруге болады. Яғни, құрылыс салуға, активтерді сатып алуға, жаңғыртуға және қайта құруға бір реттік салық жеңілдігін берген жөн. Терең өңделген өнімді экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру маңызды. Олар өзге бизнеске қарағанда көбірек қолдауға ие болуы керек",-деді мемлекет басшысы.
Осы орайда президент жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруға болатынын жеткізді.