Президент латифундистерге қатысты шара қолдануды тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевРосток, земля, посадка, монеты, иллюстративное фото
Росток, земля, посадка, монеты, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2024
Жазылу
Әкімдіктер ауыл шаруашылығы алқаптарын конкурссыз беру екі мыңнан астам заңсыз шешім қабылдаған
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жерді пайдаланбай жүрген кәсіпкерлерге қатысты шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде жер телімдерін қайтару жөніндегі арнайы комиссия біраз заң бұзушылықты анықтаған. Мәселен, әкімдіктер ауыл шаруашылығы алқаптарын конкурссыз беру екі мыңнан астам заңсыз шешім қабылдаған. Ал заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс.
"Көптеген меншік иесі өздері пайдасын көріп отырған жерден мыңдаған шақырым алыста тұрады, ондағы ауыл тұрғындарына қамқорлық жасау ойына кіріп те шықпайды. Бізге мұндай жер иелерінің қажеті жоқ. Үкімет пен бас прокуратура оларға қатысты мәселені мықтап қолға алуға тиіс",-деді Тоқаев бүгінгі жолдауда.
Президенттің айтуынша, азаматтар, әсіресе, ауыл тұрғындары заңды түрде табысты жұмыс істеп, болашағының қамын өзі ойлауы керек. Ал оларды осыған ынталандыру – мемлекеттің басты міндетінің бірі.
"Былтыр "Ауыл аманаты" жобасы басталды. Жалпы нәтижесі жаман емес. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни "тауар несиесін" беру мәселесін қарастыру қажет",-деді мемлекет басшысы.
Жаңалықтар
0