https://sputnik.kz/20240902/keybir-sanasyz-azamattarymyz-koshelerdi-ali-de-lastap-zhatyr--toqaev-46749674.html
Кейбір санасыз азаматтарымыз көшелерді әлі де ластап жатыр – Тоқаев
Кейбір санасыз азаматтарымыз көшелерді әлі де ластап жатыр – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы "Таза Қазақстанның" аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты екенін еске салды 02.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-02T13:03+0500
2024-09-02T13:03+0500
2024-09-02T13:03+0500
тазалық
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/693/36/6933658_0:198:4309:2622_1920x0_80_0_0_bff9826b6a0336216992b55b0c109536.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. "Таза Қазақстан" акциясына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында айтты.Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылып, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналған.Сондай-ақ президент халқымыздың бойында жақсы қасиеттер өте көп екенін атап өтті."Мысалы, өзге елдер бізді қонақжай, ақкөңіл халық ретінде біледі. Дәл солай тазалық жұртымыздың қанына, жанына сіңген қасиет болуы керек", - деп толықтырды ол.Мемлекет басшысы "Таза Қазақстанның" аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты екенін еске салды. Олар жұртқа істің мән-маңызын түсіндіріп, жұмысты дұрыс үйлестіруге міндетті."Аймақ басшысы тек шаруашылықпен ғана айналыспайды. Әкім қоғамдық, рухани мәселелерді әрдайым назарда ұстауға тиіс. Әрбір басшы елмен етене жұмыс істеуі керек, тұрғындармен сенімді байланыс орнатуы қажет. Сонда жұрт та оның бастамаларын қолдайды, ел үшін пайдалы іске жұмыла кіріседі", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/693/36/6933658_274:0:4035:2821_1920x0_80_0_0_d8f3785e634cadd86335432b1df92a57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тазалық, қасым-жомарт тоқаев
тазалық, қасым-жомарт тоқаев
Кейбір санасыз азаматтарымыз көшелерді әлі де ластап жатыр – Тоқаев
Мемлекет басшысы "Таза Қазақстанның" аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты екенін еске салды
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. "Таза Қазақстан" акциясына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында айтты.
Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылып, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналған.
"Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ президент халқымыздың бойында жақсы қасиеттер өте көп екенін атап өтті.
"Мысалы, өзге елдер бізді қонақжай, ақкөңіл халық ретінде біледі. Дәл солай тазалық жұртымыздың қанына, жанына сіңген қасиет болуы керек", - деп толықтырды ол.
Мемлекет басшысы "Таза Қазақстанның" аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты екенін еске салды. Олар жұртқа істің мән-маңызын түсіндіріп, жұмысты дұрыс үйлестіруге міндетті.
"Аймақ басшысы тек шаруашылықпен ғана айналыспайды. Әкім қоғамдық, рухани мәселелерді әрдайым назарда ұстауға тиіс. Әрбір басшы елмен етене жұмыс істеуі керек, тұрғындармен сенімді байланыс орнатуы қажет. Сонда жұрт та оның бастамаларын қолдайды, ел үшін пайдалы іске жұмыла кіріседі", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.