Еліміздің халықаралық резерві 100 миллиард доллардан асты –Тоқаев

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллары и тенге
Доллары и тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның халықаралық резерві 100 миллиард доллардан асты. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Тоқаев қазір жер жүзінде геосаяси текетірестер белең алып тұрғанына қарамастан, Қазақстан бейбіт әрі эволюциялық жолмен дамып келе жатқанын атап өтті.
"Біз дамудың жаңа бағдарын белгіледік. Экономиканы әртараптандыру ісіне тың серпін бердік. Инфляция баяулады, яғни былтырғы ең жоғарғы деңгейден 2,5 есе төмендеді. Еліміздің халықаралық резерві 100 миллиард доллардан асты. Өңдеу өнеркәсібі тау-кен саласымен салыстырғанда жылдам өсіп жатыр. Біз осы қарқынды жоғалтпауымыз керек", - деді президент.
Мемлекет басшысы бұған дейін жасалған қолайлы жағдайды тиімді пайдаланып, жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажет екенін атап өтті.
"Үкімет және әкімдер экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуға тиіс. Еліміздің тұрақты дамуына мүмкіндік беретін жаңа тетіктерді қарастырған жөн. Басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру. Жұмысты дұрыс үйлестіре білсек, бұл – қолдан келетін шаруа", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап (яғни орта класс) күшейе түсуі керек. Сонда ғана біз еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Ол үшін кез келген істің басты өлшемі тиімділік болуға тиіс. Яғни, әрбір шешім, әрбір жоба ең алдымен елге пайдалы болуы қажет", - деп түйіндеді президент.
Перед заседанием двух палат парламента Казахстана перед посланием Токаева народу Казахстана 2 сентября 2024 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2024
Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы – видео
Жаңалықтар
0