https://sputnik.kz/20240901/shygys-qazaqstan-oblysyndagy-shakhterlerdin-qazasy-ministrlik-arnayy-komissiya-qurdy-46732338.html
Шығыс Қазақстан облысындағы шахтерлердің қазасы: министрлік арнайы комиссия құрды
Шығыс Қазақстан облысындағы шахтерлердің қазасы: министрлік арнайы комиссия құрды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 қыркүйек - Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан облысының кенішіндегі 4 адам қаза тапқан топтық жазатайым... 01.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-01T12:59+0500
2024-09-01T12:59+0500
2024-09-01T12:59+0500
шығыс қазақстан
шахтерлер
https://sputnik.kz/img/242/30/2423003_0:28:1156:678_1920x0_80_0_0_79f1b76489cf6b266a278fc616b5e62a.jpg
АЛМАТЫ, 1 қыркүйек - Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан облысының кенішіндегі 4 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрды. Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады, оның құрамына ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді. "Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. Сағат 16.25-те Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде, "Востокцветмет" ЖШС Ертіс кенішінің "Ертіс" шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмыскердің денесі табылды", - делңнген хабарламада."Востокцветмет" ЖШС екі қызметкері: ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1984 ж. т. ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т. "Шахтстрой Инжиниринг" ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері: ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.; ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т. "Востокцветмет" ЖШС-нің тағы бір жұмыскері, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды. Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайтын болады. Ал облыс әкімдігі қайтыс болғандардың отбасына барлық көмек көрсетілетінін айтты. "ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Ертіс шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Жұмысшылардың екеуі "Шығыстүстімет" ЖШС қызметкерлері, екеуі мердігер ұйымдардың қызметкерлері, тағы бір жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, бұл үшін ШҚО-да жедел штаб құрылған. Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда", - деп жазды облыстық әкімдік.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/242/30/2423003_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_b2ff6d93b37db7b8c9f74af443ab1065.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, шахтерлер
шығыс қазақстан, шахтерлер
АЛМАТЫ, 1 қыркүйек - Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан облысының кенішіндегі 4 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрды.
Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады, оның құрамына ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді.
"Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. Сағат 16.25-те Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде, "Востокцветмет" ЖШС Ертіс кенішінің "Ертіс" шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмыскердің денесі табылды", - делңнген хабарламада.
"Востокцветмет" ЖШС екі қызметкері: ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1984 ж. т. ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т. "Шахтстрой Инжиниринг" ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері: ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.; ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т. "Востокцветмет" ЖШС-нің тағы бір жұмыскері, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды.
Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайтын болады. Ал облыс әкімдігі қайтыс болғандардың отбасына барлық көмек көрсетілетінін айтты.
"ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Ертіс шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Жұмысшылардың екеуі "Шығыстүстімет" ЖШС қызметкерлері, екеуі мердігер ұйымдардың қызметкерлері, тағы бір жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, бұл үшін ШҚО-да жедел штаб құрылған. Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда", - деп жазды облыстық әкімдік.