https://sputnik.kz/20240901/paralimpiadanyn-kumis-zhuldegeri-erkin-gabbasov-zharys-kezde-bulshyq-etim-tartylyp-qaldy-46734737.html
Паралимпиаданың күміс жүлдегері Еркін Ғаббасов: жарыс кезінде бұлшық етім тартылып қалды
Паралимпиаданың күміс жүлдегері Еркін Ғаббасов: жарыс кезінде бұлшық етім тартылып қалды
Sputnik Қазақстан
Еркін Ғаббасов өзіне жанкүйер болған барша қазақстандыққа алғысын жеткізді 01.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-01T16:30+0500
2024-09-01T16:30+0500
2024-09-01T16:31+0500
медаль
мерген
спорт
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46721997_0:92:1024:668_1920x0_80_0_0_2a9228d37a7ce9a9aec32cd8607d8f0d.jpg
АЛМАТЫ, 1 қыркүйек - Sputnik. Паралимпиада ойындарында күміс жеңіп алған мерген Еркін Ғаббасов өмірі мен спорттағы жетістіктері туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.12 қабаттан құлап кеттімЕркін Ғаббасов 1983 жылы Ақмола облысы Зеренді ауданы Қараөзек деген шағын ғана ауылда дүниеге келген, алты ағайынды. 20 жасында үйленіп, 2006 жылы қалаға келіп, құрылысқа жұмысқа кірген."2007 жылы 12 қабатты құрылыстан құлап, бел омыртқамды сындырып алдым, ота жасалды, бірақ көмектеспеді. Үш балам бар, бір қыз, екі ұлым. Жақында қызым тұрмысқа шыққалы жатыр", - дейді Еркін Ғаббасов.Кәсіби спортты мектептегі тир залынан бастаған2017 жылы дәл осы спорттан Атырауға еш дайындықсыз жарысқа барып, үшінші орын алған.Кішкене ғана Қараөзек ауылының қара баласының арманы - арбаға таңылып отырса да, Қазақстанның атын әлемге таныту болған."Менің мылтығым әуесқой мылтық, мұндағы спортшылардың ұстағандары кәсіби "Fine" мылтығы, бұл мылтық қате атсаң да, оқты дұрыстап тигізеді, менікі "Вальтер" мылтығы, әуесқой болғандықтан қалай аттың солай тиеді. Көмекшім ретінде әйелім Шынар Жастілекқызы келді. Спортта көмекші деген жоқ. Сол жағынан қиындықтар болды, бірақ соған қарамастан тек алға жылжумен келеміз", - дейді ол.Дәл жарыс кезінде бұлшық еттерім тартылып қалдыЕркін Ғаббасов кеудеден төмен денесін сезбейді."Іш құрылыстарымды да сезбеймін. Спастика деген бар, көп отырып қалсаң аяғың тартылып қалады. Олимпиада кезінде спастикам тартылып қалып, жинала алмай қалдым. Ондай кезде жүректің қағысы күшейіп кетеді. Оқ атқан кезде жүрек қағысы бізге өте маңызды", - дейді күміс жүлдегер.Ақмола облысы әкімдігі қоларба әперіп, ақшалай қолдау көрсеткен.Әкімдікке де, ағайынға да, әйеліме де алғысым шексіз, дейді Еркін. "Күндіз-түні Алладан тілеу тілеген Анама рахмет, менің қолым, аяғым, жүрегім болып өмірбойы қасымда жүрген жарыма рахмет. Паралимпиада жарысы жақсы өтті, рас қобалжу болды. Менің тілегімді тілеген қай адамға болсын алғысым шексіз", - дейді Парижде өткен Паралимпиададанің күміс жүлдегері Еркін Ғаббасов.
https://sputnik.kz/20240831/algashqy-medal-qorzhynga-tusti-erkin-gabbasov-kumis-zhenip-aldy-46719707.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46721997_0:256:1024:1024_1920x0_80_0_0_a2d79e6ea87263513bf90b8f41f93e86.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
медаль, мерген
Паралимпиаданың күміс жүлдегері Еркін Ғаббасов: жарыс кезінде бұлшық етім тартылып қалды
16:30 01.09.2024 (жаңартылды: 16:31 01.09.2024) Еркін Ғаббасов өзіне жанкүйер болған барша қазақстандыққа алғысын жеткізді
АЛМАТЫ, 1 қыркүйек - Sputnik. Паралимпиада ойындарында күміс жеңіп алған мерген Еркін Ғаббасов өмірі мен спорттағы жетістіктері туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
Еркін Ғаббасов 1983 жылы Ақмола облысы Зеренді ауданы Қараөзек деген шағын ғана ауылда дүниеге келген, алты ағайынды. 20 жасында үйленіп, 2006 жылы қалаға келіп, құрылысқа жұмысқа кірген.
"2007 жылы 12 қабатты құрылыстан құлап, бел омыртқамды сындырып алдым, ота жасалды, бірақ көмектеспеді. Үш балам бар, бір қыз, екі ұлым. Жақында қызым тұрмысқа шыққалы жатыр", - дейді Еркін Ғаббасов.
Кәсіби спортты мектептегі тир залынан бастаған
2017 жылы дәл осы спорттан Атырауға еш дайындықсыз жарысқа барып, үшінші орын алған.
"Көкшетауда тир, жаттықтырушы деген болған жоқ. Жалпы 2021 жылдан бастап кәсіби түрде осы спортпен дайындала бастадым. Көкшетаудағы №4 мектепті салғанда, жертөлесінде тир залы болды, директорымен меморандумға қол қойып, сол жерде дайындалдым", - дейді ол.
Кішкене ғана Қараөзек ауылының қара баласының арманы - арбаға таңылып отырса да, Қазақстанның атын әлемге таныту болған.
"Менің мылтығым әуесқой мылтық, мұндағы спортшылардың ұстағандары кәсіби "Fine" мылтығы, бұл мылтық қате атсаң да, оқты дұрыстап тигізеді, менікі "Вальтер" мылтығы, әуесқой болғандықтан қалай аттың солай тиеді. Көмекшім ретінде әйелім Шынар Жастілекқызы келді. Спортта көмекші деген жоқ. Сол жағынан қиындықтар болды, бірақ соған қарамастан тек алға жылжумен келеміз", - дейді ол.
Дәл жарыс кезінде бұлшық еттерім тартылып қалды
Еркін Ғаббасов кеудеден төмен денесін сезбейді.
"Іш құрылыстарымды да сезбеймін. Спастика деген бар, көп отырып қалсаң аяғың тартылып қалады. Олимпиада кезінде спастикам тартылып қалып, жинала алмай қалдым. Ондай кезде жүректің қағысы күшейіп кетеді. Оқ атқан кезде жүрек қағысы бізге өте маңызды", - дейді күміс жүлдегер.
Ақмола облысы әкімдігі қоларба әперіп, ақшалай қолдау көрсеткен.
Әкімдікке де, ағайынға да, әйеліме де алғысым шексіз, дейді Еркін.
"Күндіз-түні Алладан тілеу тілеген Анама рахмет, менің қолым, аяғым, жүрегім болып өмірбойы қасымда жүрген жарыма рахмет. Паралимпиада жарысы жақсы өтті, рас қобалжу болды. Менің тілегімді тілеген қай адамға болсын алғысым шексіз", - дейді Парижде өткен Паралимпиададанің күміс жүлдегері Еркін Ғаббасов.