https://sputnik.kz/20240901/aqtobede-universitet-filialy-basshysynyn-ayeli-talapkerlerden-aqsha-zhinagan-46735511.html
Ақтөбеде университет филиалы басшысының әйелі талапкерлерден ақша жинаған
Ақтөбеде университет филиалы басшысының әйелі талапкерлерден ақша жинаған
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбеде халықаралық көлік-гуманитарлық университеті филиалының жетекші маманы алаяқтықпен ұсталды, деп жазады "Диапазон". 01.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-01T19:15+0500
2024-09-01T19:15+0500
2024-09-01T19:16+0500
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АЛМАТЫ, 1 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбеде халықаралық көлік-гуманитарлық университеті филиалының жетекші маманы алаяқтықпен ұсталды, деп жазады "Диапазон".Әйел талапкерлерден оқу ақысын жинап, оны жеке басына жұмсаған. 47 жастағы айыпталушының қылмыстық ісінде 25 эпизод бар. Өзін оқу орнының әдіскері ретінде таныстырып, оқуға түсу үшін қаражатты оның жеке банк шотына аударуға немесе қолма-қол ақша беруге болатындығын айтқан. Осылайша, жәбірленушілердің бірі оған бір жарым миллион теңге берген, бірақ университетке түспеген. Бұл схема бойынша алданған басқа адамдар да 100 мыңнан бір жарым миллион теңгеге дейін ақша береді. Бірақ айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Ол университеттің Ақтөбе филиалын күйеуі басқарғанын және ол жиналған ақша туралы хабардар екенін айтқан. Ақша отбасыға жұмсалғанын, оны күйеуі мен ата-анасы бөлгенін, өзінің қаражатты көрмегенін айтып ақталған.Соттан кішкентай балалары бар екенін ескеріп, бас бостандығынан айырмауды сұрады.Сотта әйелдің күйеуінен де жауап алынды. Ол жұбайының студенттерден ақша алғаны туралы ештеңе білмегенін айтқан.Сот айыпталушыны алаяқтық үшін кінәлі деп тауып, жәбірленушілерге ақшаны қайтаруға міндеттеді және 3 жылға бас бостандығынан айырды.Кейін сот жазаны бас бостандығынан айырудан 3 жылға бас бостандығын шектеуге өзгертті. Әйелдің өкініп, барлық жәбірленушіге келтірілген залалды өтегені үшін жаза жеңілдетілген.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе
Ақтөбеде университет филиалы басшысының әйелі талапкерлерден ақша жинаған
19:15 01.09.2024 (жаңартылды: 19:16 01.09.2024) АЛМАТЫ, 1 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбеде халықаралық көлік-гуманитарлық университеті филиалының жетекші маманы алаяқтықпен ұсталды, деп жазады
"Диапазон". Әйел талапкерлерден оқу ақысын жинап, оны жеке басына жұмсаған. 47 жастағы айыпталушының қылмыстық ісінде 25 эпизод бар. Өзін оқу орнының әдіскері ретінде таныстырып, оқуға түсу үшін қаражатты оның жеке банк шотына аударуға немесе қолма-қол ақша беруге болатындығын айтқан. Осылайша, жәбірленушілердің бірі оған бір жарым миллион теңге берген, бірақ университетке түспеген. Бұл схема бойынша алданған басқа адамдар да 100 мыңнан бір жарым миллион теңгеге дейін ақша береді.
Бірақ айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Ол университеттің Ақтөбе филиалын күйеуі басқарғанын және ол жиналған ақша туралы хабардар екенін айтқан. Ақша отбасыға жұмсалғанын, оны күйеуі мен ата-анасы бөлгенін, өзінің қаражатты көрмегенін айтып ақталған.
Соттан кішкентай балалары бар екенін ескеріп, бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Сотта әйелдің күйеуінен де жауап алынды. Ол жұбайының студенттерден ақша алғаны туралы ештеңе білмегенін айтқан.
Сот айыпталушыны алаяқтық үшін кінәлі деп тауып, жәбірленушілерге ақшаны қайтаруға міндеттеді және 3 жылға бас бостандығынан айырды.
Кейін сот жазаны бас бостандығынан айырудан 3 жылға бас бостандығын шектеуге өзгертті. Әйелдің өкініп, барлық жәбірленушіге келтірілген залалды өтегені үшін жаза жеңілдетілген.