Ақтөбеде миллион теңге пара алмақ болған учаскелік полиция сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбеде миллион теңге пара алмақ болған учаскелік полиция сотталды, деп хабарлайды "Диапазон" ақпараттық порталы.
Қалалық полиция бөлімінің 23 жастағы учаскелік инспекторы Николаев сотталды.
"Оның танысы алаяқтық туралы іс бойынша жауап алу үшін бөлімге жеткізілген. Учаскелік полиция ұсталған адамның қылмысқа қатысы жоқ екенін біле тұра оған айтпаған. Керісінше 1 миллион теңге берсе істің оңынан шешілетінін айтқан. Келіссөздер барысында полицей бұл соманы 500 мың теңгеге дейін азайтып, бірақ оның 300 мыңын 3 күннен кейін алу керек болған. Досы келіскендей кейіп танытады, сосын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің "Колл орталығына" қоңырау шалады. Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер полицейді қажетті соманың бір бөлігін алған кезде ұстады", - деп жазды портал.
Полиция қызметкері алаяқтыққа оқталғаны үшін сотталды. Айыпталушы кінәсін толық мойындап, оны бас бостандығынан айырумен емес, айыппұлмен жазалауды өтінді, ата-анасының ақшасы бар екенін атап өтті.
Сот учаскелік сотты алаяқтық үшін кінәлі деп тауып, 2 миллион 250 мың теңге айыппұл салып, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салды. Сондай-ақ сот үкімі бойынша ол аға лейтенант атағынан айырылады. Сотталған полицей учаскелік қызметте 2022 жылдың мамырынан бастап жұмыс істеген, 2024 жылдың маусымында қылмыс жасаған.
Жаңалықтар
0