Экс-министр Ермек Маржықпаев өзінің отставкасына қатысты пікір білдірді

© Пресс-служба Минспорта КазахстанаМинистр туризма и спорта Республики Казахстан Ермек Маржикпаев на коллегии, посвященной итогам Олимпиады в Париже
Министр туризма и спорта Республики Казахстан Ермек Маржикпаев на коллегии, посвященной итогам Олимпиады в Париже - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 31 тамыз - Sputnik. Бұрынғы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев өзінің отставкасына қатысты пікір білдірді.

"Бүгін ҚР Туризм және спорт министрі лауазымындағы қызметім аяқталды. Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды. Президент пен Үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін", - деді ол.

Экс-министр отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенім білдірді.
Айта кетсек, бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған еді. Бұл қызметке ол 2023 жылы 2 қыркүйекте тағайындалды.
Жаңалықтар
0