Астанада LRT құрылысына байланысты тағы да көше жабылады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстана LRT
Астана LRT - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 31 тамыз - Sputnik. Астанада Қабанбай батыр даңғылы үш күнге толық жабылады, деп хабарлайды City Transportation Systems.
"2 қыркүйек сағат 00:00-ден 5 қыркүйек күні сағат 00:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылында – "Астана жұлдызы" айналмасынан Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейін көлік қозғалысы толығымен жабылады", - деп хабарлады City Transportation Systems.
Тұрғындар үшін тұрғын үй кешендері мен жолдың жабылған бөлігіне іргелес аумақтарда арнайы өткел ұйымдастырылады.
LRT құрылыс жұмыстарының жоспарына сәйкес, осы уақытта металл құрылымдарды бөлшектеу және құрастырмалы темірбетон арқалықтарды орнату жұмыстары жүргізіледі.
В Астане в рамках реализации проекта линии LRT проводятся работы по устройству монолитной железобетонной балки вдоль улицы Сыганак - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2024
Астанада LRT бағанына көлік соғылды: 3 адам зардап шекті
Жаңалықтар
0