https://sputnik.kz/20240831/abay-oblysynan-birlik-kerueni-astanaga-attandy---foto-46714279.html
Абай облысынан "Бірлік керуені" Астанаға аттанды - фото
Абай облысынан "Бірлік керуені" Астанаға аттанды - фото
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 31 тамыз - Sputnik. Абай облысында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған маңызды іс-шаралардың бірі – "Бірлік керуенін" Астана қаласына... 31.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-31T14:56+0500
2024-08-31T14:56+0500
2024-08-31T14:56+0500
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
абай облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46713675_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7f541631368ed82aad9e19a866c1ddbf.jpg
АЛМАТЫ, 31 тамыз - Sputnik. Абай облысында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған маңызды іс-шаралардың бірі – "Бірлік керуенін" Астана қаласына шығарып салу рәсімі өтті. Бұл керуеннің сапары, Көшпенділер ойындарының басты нышаны және негізгі элементі – Су символымен тығыз байланысты. Осы рәсім Ұлы Абайдың туған жері Сырт Қасқабұлақта бастау алды. Бұл жерден "Бірлік керуенін" бастап, қазақ күресінен әлем чемпионы, "Қазақстан барысы" атағын иеленген Айбек Нұғымаров қасиетті суды алып шықты. Су 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында маңызды орын алмақ. "Бірлік керуені" Семей қаласына келгенде, оларды қарсы алу мақсатында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының "Бибігүл" қазақ халық аспаптар оркестрі, "Дала үні" а капелла тобы, "Дала сазы" этно-фольклорлық ансамблі және "Тұмар" би ансамблі өнерлерін көрсетті. Құрметке ие болған керуен Астанаға қарай жолға шықты. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында әр өңірдің батырлары өздері алып келген қасиетті суды бір қазанға құйып, бұл елдің бірлігін, тұтастығын және өзара ынтымақтастығын көрсететін болады. Сонымен қатар, дәл осы күні 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Абай облысының атынан қатысатын қолөнершілердің көрмесі өтті. Көрмеде өңірдің шеберлері өздерінің ең үздік туындыларын ұсынды. Айта кетерлік жайт, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында үздік қолөнер шеберлерінің өнімдері көрмеге қойылып, ақындар айтысы, салт-дәстүрді насихаттайтын қойылымдар ұйымдастырылады. Абай облысынан осы халықаралық деңгейдегі шараға 6 спорт түрінен 12 қатысушы мен 100-ден аса мәдениет мен өнер саласының майталмандары атсалысады.
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46713675_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_923d9f22935edcdbcdfffacd4f96528c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дүниежүзілік көшпенділер ойыны, абай облысы
дүниежүзілік көшпенділер ойыны, абай облысы
АЛМАТЫ, 31 тамыз - Sputnik. Абай облысында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған маңызды іс-шаралардың бірі – "Бірлік керуенін" Астана қаласына шығарып салу рәсімі өтті.
Бұл керуеннің сапары, Көшпенділер ойындарының басты нышаны және негізгі элементі – Су символымен тығыз байланысты.
Осы рәсім Ұлы Абайдың туған жері Сырт Қасқабұлақта бастау алды. Бұл жерден "Бірлік керуенін" бастап, қазақ күресінен әлем чемпионы, "Қазақстан барысы" атағын иеленген Айбек Нұғымаров қасиетті суды алып шықты.
Су 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында маңызды орын алмақ. "Бірлік керуені" Семей қаласына келгенде, оларды қарсы алу мақсатында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының "Бибігүл" қазақ халық аспаптар оркестрі, "Дала үні" а капелла тобы, "Дала сазы" этно-фольклорлық ансамблі және "Тұмар" би ансамблі өнерлерін көрсетті.
Құрметке ие болған керуен Астанаға қарай жолға шықты. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында әр өңірдің батырлары өздері алып келген қасиетті суды бір қазанға құйып, бұл елдің бірлігін, тұтастығын және өзара ынтымақтастығын көрсететін болады.
Сонымен қатар, дәл осы күні 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Абай облысының атынан қатысатын қолөнершілердің көрмесі өтті. Көрмеде өңірдің шеберлері өздерінің ең үздік туындыларын ұсынды.
Айта кетерлік жайт, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында үздік қолөнер шеберлерінің өнімдері көрмеге қойылып, ақындар айтысы, салт-дәстүрді насихаттайтын қойылымдар ұйымдастырылады.
Абай облысынан осы халықаралық деңгейдегі шараға 6 спорт түрінен 12 қатысушы мен 100-ден аса мәдениет мен өнер саласының майталмандары атсалысады.