https://sputnik.kz/20240830/zhetisu-oblysynda-birneshe-auyl-gazga-qosyldy-46696690.html
Жетісу облысында бірнеше ауыл газға қосылды
Жетісу облысында бірнеше ауыл газға қосылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Жетісу облысындағы Текелі қаласында үйлеріне көптен күткен табиғи газ беріле бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық... 30.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-30T13:19+0500
2024-08-30T13:19+0500
2024-08-30T13:19+0500
жетісу облысы
газ
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1e/46695426_0:68:1040:653_1920x0_80_0_0_edc9fa6c667b7e71a6e8b8a2431f2364.jpg
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Жетісу облысындағы Текелі қаласында үйлеріне көптен күткен табиғи газ беріле бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Текеліні газдандыру жобасы биыл толығымен аяқталады, қаланың шағын аудандары газға кезең-кезеңімен қосылады. Бүгін Ескелді және Қаратал аудандарында бірнеше ауылдың тұрғындары да табиғи газға қол жеткізді. Көгілдір отын жалпы 1700-ден астам адам тұратын Өтенай, Жаңалық және Ортатөбе ауылдарына берілді. Аудан әкімінің орынбасары Айдын Исабековтың айтуынша, Ескелді ауданында 33 елді мекеннің 21-і газдандыруға жатады. Оның 10-ы бүгінде газдандырылды, 9 елді мекенде газ тарату желілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Сондай-ақ Қайнарлы ауылына газ тарату желілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының конкурстық процедуралары аяқталды. Жалғызағаш ауылын газбен қамту бойынша жобалық жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде 2025 жылы аталған барлық жобалар іске асырылғаннан кейін аудан 100% газдандырылады", - деп атап көрсетті Исабеков. Ал Қаратал ауданында Көкдала, Достық, Қанабек, Жаңаталап, Кәлпе, Оян, Бастөбе, Ортатөбе ауылдарында газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды. Үштөбе қаласы тұрғындарының 40%-ы немесе қаланың батыс бөлігінің 8 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді. Жыл соңына дейін 11 мыңға жуық адам тұратын қаланың қалған шығыс бөлігі де газбен қамтылады. Қаратал ауданы 2025 жылдың соңына дейін толық газдандырылады.
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1e/46695426_40:0:1000:720_1920x0_80_0_0_fdb71a20d7088bd87f03c167c418ef74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, газ
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Жетісу облысындағы Текелі қаласында үйлеріне көптен күткен табиғи газ беріле бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Достық" шағын ауданының тұрғындары көгілдір отынның қызығын бірінші болып көріп отыр. Қазіргі кезде 1200 абонент газға қосылды. Олардың ішінде 73 жастағы Людмила Проскурякова да бар. Зейнеткер Күншығыс көшесіндегі № 215 үйде тұрады. "Қазір бұрынғыдай жас емеспін, көмір тасу, от жағу, күл шығару маған оңай емес. Біз газды асыға күттік. Бүгін, міне, көптен күткен арманымыз орындалды", - дейді Проскурякова.
Текеліні газдандыру жобасы биыл толығымен аяқталады, қаланың шағын аудандары газға кезең-кезеңімен қосылады. Бүгін Ескелді және Қаратал аудандарында бірнеше ауылдың тұрғындары да табиғи газға қол жеткізді. Көгілдір отын жалпы 1700-ден астам адам тұратын Өтенай, Жаңалық және Ортатөбе ауылдарына берілді. Аудан әкімінің орынбасары Айдын Исабековтың айтуынша, Ескелді ауданында 33 елді мекеннің 21-і газдандыруға жатады. Оның 10-ы бүгінде газдандырылды, 9 елді мекенде газ тарату желілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Сондай-ақ Қайнарлы ауылына газ тарату желілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының конкурстық процедуралары аяқталды. Жалғызағаш ауылын газбен қамту бойынша жобалық жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде 2025 жылы аталған барлық жобалар іске асырылғаннан кейін аудан 100% газдандырылады", - деп атап көрсетті Исабеков.
Ал Қаратал ауданында Көкдала, Достық, Қанабек, Жаңаталап, Кәлпе, Оян, Бастөбе, Ортатөбе ауылдарында газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды. Үштөбе қаласы тұрғындарының 40%-ы немесе қаланың батыс бөлігінің 8 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді. Жыл соңына дейін 11 мыңға жуық адам тұратын қаланың қалған шығыс бөлігі де газбен қамтылады. Қаратал ауданы 2025 жылдың соңына дейін толық газдандырылады.