Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Үндістан Украина бойынша саммит өткізуге келіспеді

© Sputnik / Sergey Bobylev / Медиабанкке өтуПремьер-министр Индии Нарендра Моди на саммите Шанхайской организации сотрудничества в Самарканде
Премьер-министр Индии Нарендра Моди на саммите Шанхайской организации сотрудничества в Самарканде - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Украина жөнінде саммит өткізуге әзірге келіскен жоқ, деп жазды Bloomberg.
Дереккөздердің хабарлауынша, Үндістан Ресей Федерациясының реттеу процесінен тыс қалуына байланысты бұл бастамаларға күмәнмен қарайды.
Бұған дейін Владимир Зеленский франциялық БАҚ-қа берген сұхбатында бүкіл әлем, тіпті өзі де Ресейдің Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келесі конференцияға қатысуын қалайтынын, әйтпесе ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайтынын айтты.
Шілде айының басында РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин Украина бойынша жаңа саммит тақырыбына түсініктеме бере отырып, ресейлік тарап ультиматумдарды қабылдамайтынын және мұндай шараларға қатыспайтынын мәлімдеді.
15-16 маусымда Швейцарияда Люцерн қаласының маңындағы Бюргеншток курортында Украинаға арналған конференция өтті. 90-нан астам ел, сондай-ақ ЕО, Еуропа Кеңесі және БҰҰ сияқты сегіз ұйым конференцияға қатысатынын растады. Конференцияға АҚШ президенті Джо Байден, сондай-ақ Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва келмеді. Швейцария Ресей Федерациясына Украинаға қатысты саммитке қатысуға шақыру жібермеді.
Кремль Украинадағы жағдайды Ресейдің қатысуынсыз шешудің жолын іздеу қисынсыз деп мәлімдеді. Конференция қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеде Запорожье атом электр станциясына бақылауды Киевке қайтару, сонымен қатар Қара және Азов теңіздерінде еркін жүріп-тұруға, барлық әскери тұтқынды айырбастауға және босатуға шақырулар бар. Сондай-ақ құжатта қақтығысты тоқтату үшін барлық тарап арасындағы диалогтың қажеттілігі туралы айтылады. Конференцияға қатысушылардың 91-інің 77-сі коммюникені қолдады.
Алғашында құжатқа Бразилия, Үндістан, Оңтүстік Африка, БАӘ және Сауд Арабиясы, сондай-ақ Армения, Бахрейн, Индонезия, Ливия, Мексика және Таиланд қол қоймағаны анықталды. Кейін Ватиканның баспасөз қызметі Ватиканның Украина бойынша саммит декларациясына қол қоймағанын хабарлады. Тіпті кейінірек Ирак пен Иорданияның Украина бойынша конференциядан кейін бірлескен коммюникеге қол қойған елдер тізімінен шығарылғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
0