Қазақстанда маймыл шешегі анықталғаны туралы ақпарат жалған – министрлік

© AFP 2024 / YURI CORTEZМедик в защитном костюме оформляет пробы ПЦР-тестов на коронавирус
Медик в защитном костюме оформляет пробы ПЦР-тестов на коронавирус  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2024
Жазылу
Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда маймыл шешегі ауруының бірде-бір жағдайы тіркелмеген
АСТАНА, 30 тамыз - Sputnik. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елде маймыл шешегі анықталғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Әлеуметтік желілерде таралған Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және жалған деп танылады", - деп жазылған комитет хабарламасында.
Ресми ақпаратқа сәйкес, жалған жарияланымдарда маймыл шешегінің елге енуіне қарсы дайындық бойынша өткізілген ведомствоаралық оқу-жаттығу барысында түсірілген бейнематериал қолданылған.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда маймыл шешегі ауруының бірде-бір жағдайы тіркелмегенін, сондай-ақ сырттан әкелінгер жұқпалы жағдайлардың тіркелмегенін мәлімдеді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, маймыл шешегінің елге енуінің алдын алу мақсатында өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді.
Комитеттегілер әлеуметтік желі қолданушыларын және барлық азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырды.
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2024
Қазақстан маймыл шешегіне байланысты шекарада санитарлық бақылауды күшейтті
Жаңалықтар
0