https://sputnik.kz/20240830/astanada-asyq-atudan-qalalyq-zharys-otip-zhatyr-46697176.html
Астанада асық атудан қалалық жарыс өтіп жатыр
Астанада асық атудан қалалық жарыс өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында "Конституция күніне" арналған жастар мен ересектер арасында асық атудан... 30.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-30T14:06+0500
2024-08-30T14:06+0500
2024-08-30T14:06+0500
асық ату
астана
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1e/46696856_0:56:1082:665_1920x0_80_0_0_78f867ef06f09da89782560b885715f3.jpg
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында "Конституция күніне" арналған жастар мен ересектер арасында асық атудан қалалық ашық кубогы өтіп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты."Аспан" спорт кешенінде ұйымдастырылған бұл асық ату ойындарына ерлер және әйелдер болып Павлодар, Ақмола облысы сияқты сырт өңірлерден, қаланың бес ауданынан және Көкшетау қаласынан келген 16 команда өзара бақ сынасуда.Ойын барысында ұйымдастырушылар асық ату ойынының бүгінгі таңдағы даму барысына тоқталды. Оның қазіргі таңда айырықша дамып келе жатқанын, сондай-ақ ұлтымыздың тарихымен тұтасып жатқан бұл спорт түрінің мән маңызын атап өтті."Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғатпен тығыз байланыста болып келеді. Оның үстіне ұлтымыз көшпенді халық болғандықтан, біздің тұрмыс-тіршілігіміз көбінде мал шаруашылығына негізделген.Сол себепті де қазақ халқының ұлттық ойындары осыған икемделген. Әсіресе төрт түліктің ішінде балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты.Сондықтан асық ойындары ұлттық ойындар ішіндегі ең көне спорт түрі деп атауға болады. Оның үстіне Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Міне, бұл біздің ұлттық ойындарымыздың бірден бір артықшылығы және құндылығы деуге болады", - дейді асық ату спортынан Астана қаласының аға жаттықтырушы Ескендір Рахметов.Жалпы 60-ға жуық 18 жастан асқан спортшылар қатысқан бұл кубогқа 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алған спорт шеберлері де қатысуда.Естеріңізге сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2500-ден астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1e/46696856_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_2fbc678f622e8c28fc8b1beecf96c69f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асық ату, астана
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында "Конституция күніне" арналған жастар мен ересектер арасында асық атудан қалалық ашық кубогы өтіп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Аспан" спорт кешенінде ұйымдастырылған бұл асық ату ойындарына ерлер және әйелдер болып Павлодар, Ақмола облысы сияқты сырт өңірлерден, қаланың бес ауданынан және Көкшетау қаласынан келген 16 команда өзара бақ сынасуда.
Ойын барысында ұйымдастырушылар асық ату ойынының бүгінгі таңдағы даму барысына тоқталды. Оның қазіргі таңда айырықша дамып келе жатқанын, сондай-ақ ұлтымыздың тарихымен тұтасып жатқан бұл спорт түрінің мән маңызын атап өтті.
"Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғатпен тығыз байланыста болып келеді. Оның үстіне ұлтымыз көшпенді халық болғандықтан, біздің тұрмыс-тіршілігіміз көбінде мал шаруашылығына негізделген.
Сол себепті де қазақ халқының ұлттық ойындары осыған икемделген. Әсіресе төрт түліктің ішінде балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты.
Сондықтан асық ойындары ұлттық ойындар ішіндегі ең көне спорт түрі деп атауға болады. Оның үстіне Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Міне, бұл біздің ұлттық ойындарымыздың бірден бір артықшылығы және құндылығы деуге болады", - дейді асық ату спортынан Астана қаласының аға жаттықтырушы Ескендір Рахметов.
Жалпы 60-ға жуық 18 жастан асқан спортшылар қатысқан бұл кубогқа 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алған спорт шеберлері де қатысуда.
Естеріңізге сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2500-ден астам адам қатысады деп күтіліп отыр.