https://sputnik.kz/20240829/ulttyq-bank-bazalyq-molsherlemeni-1425-dengeyinde-qaldyrdy-46671248.html
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде қалдырды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде қалдырды
Sputnik Қазақстан
Биыл шілдеде инфляция аздап өсті 29.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-29T12:07+0500
2024-08-29T12:07+0500
2024-08-29T14:33+0500
базалық мөлшерлеме
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0b/17010629_39:0:3680:2048_1920x0_80_0_0_a8d1b5961859a4a1a1b5f8167f0cd5fd.jpg
АСТАНА, 29 тамыз - Sputnik. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.Ұлттық банктің мәліметінше, биыл шілдеде инфляция аздап өсті. Дегенмен, ол Ұлттық банктің болжамы аясында қалыптасты.Жылдық инфляция 2024 жылғы шілдеде 8,6%-ға дейін өсіп, Ұлттық банктің болжамы шегінде қалыптасты. "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтер бағасы өсіп келеді. Нарықтық қызметтер құнының айтарлықтай өсуі, өңдеу өнеркәсібіндегі өндірушілер бағасының өсуі және айырбастау бағамының әлсіреуі есебінен инфляция қарқын алды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының төмендеу динамикасы баяулады.Айлық инфляция шілдеде орташа тарихи мәнінен (0,3%) едәуір жоғары қалыптасып, 0,7%-ға дейін өсті. Өткен айларда біршама тұрақтанған маусымдық факторлар ескерілмеген және базалық инфляцияның көрсеткіштері аздап жеделдеді.Азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек пен коммуналдық тарифтер қымбаттаған. Инфляциялық күтулер тұрақсыз болып қалуда.Азық-түліктің әлемдік бағасы жылдық мәнде төмендей түсті. Алайда, оның қарқыны баяу. Шілдеде астық бағасы солтүстік жарты шардағы ұсыныстың маусымдық өсуі мен күн райының қолайлы болуына байланысты мол өнім алуға қатысты болжамдардың жақсаруы нәтижесінде төмендеді. Астық бағасы біртіндеп төмендейді деп күтілуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0b/17010629_494:0:3225:2048_1920x0_80_0_0_4e15f1260bd148b0674e27bad26af323.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
базалық мөлшерлеме
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде қалдырды
12:07 29.08.2024 (жаңартылды: 14:33 29.08.2024) Биыл шілдеде инфляция аздап өсті
АСТАНА, 29 тамыз - Sputnik. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.
Ұлттық банктің мәліметінше, биыл шілдеде инфляция аздап өсті. Дегенмен, ол Ұлттық банктің болжамы аясында қалыптасты.
Жылдық инфляция 2024 жылғы шілдеде 8,6%-ға дейін өсіп, Ұлттық банктің болжамы шегінде қалыптасты. "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтер бағасы өсіп келеді. Нарықтық қызметтер құнының айтарлықтай өсуі, өңдеу өнеркәсібіндегі өндірушілер бағасының өсуі және айырбастау бағамының әлсіреуі есебінен инфляция қарқын алды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының төмендеу динамикасы баяулады.
Айлық инфляция шілдеде орташа тарихи мәнінен (0,3%) едәуір жоғары қалыптасып, 0,7%-ға дейін өсті. Өткен айларда біршама тұрақтанған маусымдық факторлар ескерілмеген және базалық инфляцияның көрсеткіштері аздап жеделдеді.
Азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек пен коммуналдық тарифтер қымбаттаған. Инфляциялық күтулер тұрақсыз болып қалуда.
Азық-түліктің әлемдік бағасы жылдық мәнде төмендей түсті. Алайда, оның қарқыны баяу. Шілдеде астық бағасы солтүстік жарты шардағы ұсыныстың маусымдық өсуі мен күн райының қолайлы болуына байланысты мол өнім алуға қатысты болжамдардың жақсаруы нәтижесінде төмендеді. Астық бағасы біртіндеп төмендейді деп күтілуде.