Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украинамен келіссөздерді әрқашан қолдайды - РФ СІМ

© Photo : Пресс-служба МИД РФОфициальный представитель МИД РФ Мария Захарова
Официальный представитель МИД РФ Мария Захарова - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 тамыз - Sputnik. Мәскеу әрқашан Украинадағы қақтығысты тезірек тоқтатуға тырысып, келіссөздер процесін бастауды жақтады, деп хабарлады РИА Новостиге РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова.
“Ресей әрқашан Украинадағы қақтығыстың тезірек аяқталуына ұмтылды және келіссөздер процесін бастауды жақтады”, - деді ол Ресейдің Украинаға қатысты бейбіт ұсыныстары бүгінгі күні күшінде ме деген сұраққа жауап беріп.
“Біз қалыптасқан жағдайды саяси және дипломатиялық жолдармен шешуді бірнеше рет ұсындық, соның ішінде осы жылдың маусым айында Ресей президенті Владимир Путин бейбітшілік туралы бастама көтерген кезде де айтылды”, - деді Захарова.
Украина қарулы күштерінің Курск облысына жасаған шабуылынан кейін президент Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеді.
Кейінірек Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеудің Ресей мемлекетінің басшысы бұрын айтқан украин қақтығысын реттеу туралы бітімгершілік ұсыныстары жойылмағанын, бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін мәлімдед
Жаңалықтар
0