https://sputnik.kz/20240829/qyrgyzstan-qazaqstanga-534-mln-tekshe-metrden-astam-su-zhiberdi-46667321.html
Қырғызстан Қазақстанға 534 млн текше метрден астам су жіберді
Қырғызстан Қазақстанға 534 млн текше метрден астам су жіберді
Sputnik Қазақстан
Биыл суару маусымындағы жоспарланған көлемнен артық 29.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-29T10:58+0500
2024-08-29T10:58+0500
2024-08-29T14:49+0500
су
https://sputnik.kz/img/07e7/08/16/37839578_0:56:1068:657_1920x0_80_0_0_04e58183a0052757a89ccbddede0351e.jpg
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Биыл суару маусымында Қырғызстан Қазақстанға 534 млн текше метрден астам су жіберді, деп хабарлайды су ресрустары министрлігі.Суару кезеңінде Қырғызстан Қазақстанға Шу және Талас өзендері арқылы 534,3 млн текше метр су жіберді. Атап айтқанда, Талас өзені арқылы 394,3 млн текше метр су келді, бұл жоспарланған көлемнен 14,3 млн текше метрге артық.Шу өзені арқылы бүгінде 140 млн текше метр су келді және Қазақстан мен Қырғызстанның су ведомстволары бекіткен кестеге сәйкес келіп жатыр.Еске сала кетейік, 1 сәуірден бері Өзбекстан Сырдария өзені арқылы елімізге 4 млрд текше метрден астам су жіберген болатын. Ал Тәжікстан 1 маусымнан бастап Қазақстанға мемлекетаралық "Достық" каналы арқылы 488,6 млн текше метр су жіберді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 миллионға, ал биыл жоспарланған көлемнен 45 млн текше метрге артық.
https://sputnik.kz/20240809/ozbekstan-qazaqstanga-tagy-500-mln-tekshe-metr-su-zhiberedi-46200040.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/16/37839578_60:0:1009:712_1920x0_80_0_0_947204c7c9fa007e3a1838312830c4c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су
Қырғызстан Қазақстанға 534 млн текше метрден астам су жіберді
10:58 29.08.2024 (жаңартылды: 14:49 29.08.2024) Биыл суару маусымындағы жоспарланған көлемнен артық
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Биыл суару маусымында Қырғызстан Қазақстанға 534 млн текше метрден астам су жіберді, деп хабарлайды су ресрустары министрлігі.
Суару кезеңінде Қырғызстан Қазақстанға Шу және Талас өзендері арқылы 534,3 млн текше метр су жіберді. Атап айтқанда, Талас өзені арқылы 394,3 млн текше метр су келді, бұл жоспарланған көлемнен 14,3 млн текше метрге артық.
"Су дипломатиясы – министрліктің басым бағыттарының бірі. Біз барлық көршілерімізбен белсенді жұмыс жасап жатырмыз. Қырғызстанмен биыл Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының екі отырысы өтті. Суару маусымында біздің тарап Шу өзені арқылы 180 млн және Талас өзенімен 380 млн текше метр су алады деп келістік. Бүгінгі таңда үзіліссіз су келіп жатыр, ал Талас өзені арқылы келісілген кестеден артық су келді", – деді чу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Шу өзені арқылы бүгінде 140 млн текше метр су келді және Қазақстан мен Қырғызстанның су ведомстволары бекіткен кестеге сәйкес келіп жатыр.
Еске сала кетейік, 1 сәуірден бері Өзбекстан Сырдария өзені арқылы елімізге 4 млрд текше метрден астам су жіберген болатын. Ал Тәжікстан 1 маусымнан бастап Қазақстанға мемлекетаралық "Достық" каналы арқылы 488,6 млн текше метр су жіберді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 миллионға, ал биыл жоспарланған көлемнен 45 млн текше метрге артық.