https://sputnik.kz/20240829/elordadagy-aleumettik-osal-toptaryna-1000-azyq-tulik-qoraby-taratyldy-46681677.html
Елордада әлеуметтік осал топтарға 1000 азық-түлік қорабы таратылды - видео
Елордада әлеуметтік осал топтарға 1000 азық-түлік қорабы таратылды - видео
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 29 тамыз - Sputnik. Астанада қайырымды істер марафоны әлі де жалғасып жатыр. Игілікті іс-шара аясында Конституция күні мерекесі қарсаңында қаладағы... 29.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-29T20:11+0500
2024-08-29T20:11+0500
2024-08-30T09:49+0500
видео
астана
әлеуметтік көмек
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1d/46681396_0:56:1082:665_1920x0_80_0_0_486d9a161932fd24896560ea6b21d569.jpg
АЛМАТЫ, 29 тамыз - Sputnik. Астанада қайырымды істер марафоны әлі де жалғасып жатыр. Игілікті іс-шара аясында Конституция күні мерекесі қарсаңында қаладағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қораптары таратылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қалалық әкімдігі мен "Астана жастары" еріктілері "Petro Retail" компаниясының Qazaq oil брендімен бірлесіп өткізген бұл қайырымдылық іс-шарасында елорданың әр аудандарындағы аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға 1000 қорап азық-түлік таратылды. Іс-шараға 100-ге жуық ерікті қатысты."Конституция күніне орай өткізіліп отырған бұл қайырымдылық іс-шарасы 3 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан іс-шара аясында қазірге дейін 7000-ға жуық азық-түлік себеттері таратылды. Бүгін де бас қаладағы аудандардың мұқтаж отбасыларына 1000 қорап азық-түлік жеткізілді. Оның ішінде ұн, күріш, сүт, ас майы сияқты азық-түліктер бар. Мұндай қайырымдылық іс-шаралары мемлекеттік және ұлттық мерекелерде ұдайы өткізіліп келеді", - деді Астана қаласы "Астана жастары" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Олжас Хамитов.Алматы ауданының тұрғыны Гүлзия Кашкова аталған іс-шараны ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдірді."Мереке сайын көмектесіп, жағдайымыздан хабардар болып тұрады. Жаңа оқу маусымы басталатын кезде де балаларымызға оқу құралдарын, жеткізіп береді. Бұл да мен сияқты мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға үлкен медеу. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ", - деді Гүлзия Кашкова.Мұндай акция Астанада жыл соңына дейін ұйымдастырылады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1d/46681396_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_dc2a93d4aa3815cfc94c5776bb5adb75.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, әлеуметтік көмек
АЛМАТЫ, 29 тамыз - Sputnik. Астанада қайырымды істер марафоны әлі де жалғасып жатыр. Игілікті іс-шара аясында Конституция күні мерекесі қарсаңында қаладағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қораптары таратылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қалалық әкімдігі мен "Астана жастары" еріктілері "Petro Retail" компаниясының Qazaq oil брендімен бірлесіп өткізген бұл қайырымдылық іс-шарасында елорданың әр аудандарындағы аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға 1000 қорап азық-түлік таратылды. Іс-шараға 100-ге жуық ерікті қатысты.
"Конституция күніне орай өткізіліп отырған бұл қайырымдылық іс-шарасы 3 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан іс-шара аясында қазірге дейін 7000-ға жуық азық-түлік себеттері таратылды. Бүгін де бас қаладағы аудандардың мұқтаж отбасыларына 1000 қорап азық-түлік жеткізілді. Оның ішінде ұн, күріш, сүт, ас майы сияқты азық-түліктер бар. Мұндай қайырымдылық іс-шаралары мемлекеттік және ұлттық мерекелерде ұдайы өткізіліп келеді", - деді Астана қаласы "Астана жастары" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Олжас Хамитов.
Алматы ауданының тұрғыны Гүлзия Кашкова аталған іс-шараны ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдірді.
"Мереке сайын көмектесіп, жағдайымыздан хабардар болып тұрады. Жаңа оқу маусымы басталатын кезде де балаларымызға оқу құралдарын, жеткізіп береді. Бұл да мен сияқты мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға үлкен медеу. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ", - деді Гүлзия Кашкова.
Мұндай акция Астанада жыл соңына дейін ұйымдастырылады.