Елімізде гидрогеология қызметі қайта құрылды

© Photo : Министерство транспорта РКСтроительство моста через Бухтарминское водохранилище
Строительство моста через Бухтарминское водохранилище - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2024
Жазылу
Жер асты суларын ұтымды пайдалану мәселелері ерекше бақылауда болады
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қазақстанда гидрогеология қызметі қайта құрылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Президент тапсырмасы бойынша су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан ұлттық гидрогеология қызметі құрылды.
Қазіргі уақытта аталған қызметті қайта құру мәселесімен айналысатын екі басқармасы бар департамент құрылды. Үкімет қарауына ұсынылатын ұйымдастыру құрылымы мен жарғылық құжаттар әзірленді.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің ұсынысына сәйкес, Ұлттық гидрогеология қызметі жер асты суларын басқару, іздеу-барлау жұмыстары және олардың мемлекеттік мониторингі саласында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін ұйымдастырушылық және басқа да қажетті өкілеттіктерге ие болады. Жер асты суларын ұтымды пайдалану мәселелері ерекше бақылауда болады.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов болжам бойынша Қазақстандағы жер асты суларының қоры шамамен 40 текше километрді құрайтынын, оның 15 текше километрі қазіргі таңда пайдалануға дайын екенін атап өтті. Бүгінде ел экономикасында бұл ресурстардың 7-10%-ы ғана қолданылады. Министрліктің жоспарында ауызсумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жерлерін суару және жайылымдық мал шаруашылығын қолдау үшін жер асты суларын белсенді түрде пайдалану жұмыстары бар. Бұл ретте қорлардың сарқылуына және ластануына жол бермеу үшін қатаң бақыланады.
Үкімет үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2024
Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды
Жаңалықтар
0