https://sputnik.kz/20240829/eaeo-ayasynda-zhuk-kolikteri-ushin-shekaralardan-otu-rasimi-zhenildetiledi-46666169.html
ЕАЭО аясында жүк көліктері үшін шекаралардан өту рәсімі жеңілдетіледі
ЕАЭО аясында жүк көліктері үшін шекаралардан өту рәсімі жеңілдетіледі
Sputnik Қазақстан
ЕАЭО шеңберінде отандық жүк иелері мен тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалады 29.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-29T09:46+0500
2024-08-29T09:46+0500
2024-08-29T14:51+0500
еаэо
жүк көлігі
https://sputnik.kz/img/07e8/07/06/45530365_0:317:3078:2048_1920x0_80_0_0_8609ca9e09b0bd122c37c23bd189c77f.jpg
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер еуразиялық көлік дәліздеріне енгізілген автомобиль жолдары бойынша қозғалыс кезінде көліктердің рұқсат етілген массалары, осьтік жүктемелері мен габариттері туралы келісімге қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтады, деп хабарлайды Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі.2024 жылдың соңында аталмыш маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.Келісім еуразиялық көлік дәліздерінің құрамына кіретін ЕАЭО мемлекеттерінің автомобиль жолдары бойынша қозғалатын көліктердің рұқсат етілген массаларына, осьтік жүктемелеріне және габариттеріне бірыңғай талаптарды белгілейді. Мысалы, Қазақстанда мұндай бағытқа М-32/А-24 Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Мәртөк – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға дейін) тас жолы жатады.Құжат жолдарда көлік құралдарын өткізудің техникалық мүмкіндіктеріне негізделген минималды талаптарды қамтиды. Бүгінгі таңда ЕАЭО елдерінде әртүрлі нормалар қолданылады, бұл тасымалдаушылар үшін қиындықтар туғыза отырып, белгіленген параметрлерден асып кеткені үшін айыппұл салуға әкеп соғады. Келісімге қол қоя отырып, осы шектеулерді жоюға және еуразиялық көлік дәліздеріне енгізілген жолдармен жүктерді тасымалдау үшін бірыңғай жағдайлар жасауға мүмкіндік туады.Осылайша, ЕАЭО шеңберінде отандық жүк иелері мен тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалмақ: көліктердің салмағына, жүктемелері мен өлшемдеріне қойылатын жалпы стандарттар мен талаптар белгіленетін болады, бұл шекараларды кесіп өту рәсімін жеңілдетіп, көлік операцияларының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады.Еске сала кетейік, Еуразиялық көлік дәліздері мен бағыттардың тізбесі ЕЭК Алқасының 2021 жылғы 26 қазандағы № 175 өкімімен бекітілген болатын.
https://sputnik.kz/20240814/eaeo-sporttyq-is-sharalarga-arnalgan-tauarlardy-tasymaldau-tartibin-zhenildetti-46286950.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/06/45530365_153:0:2884:2048_1920x0_80_0_0_5692014ef082b83f9899e7f70f36268e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, жүк көлігі
ЕАЭО аясында жүк көліктері үшін шекаралардан өту рәсімі жеңілдетіледі
09:46 29.08.2024 (жаңартылды: 14:51 29.08.2024) ЕАЭО шеңберінде отандық жүк иелері мен тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалады
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер еуразиялық көлік дәліздеріне енгізілген автомобиль жолдары бойынша қозғалыс кезінде көліктердің рұқсат етілген массалары, осьтік жүктемелері мен габариттері туралы келісімге қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтады, деп хабарлайды Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі.
2024 жылдың соңында аталмыш маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.
Келісім еуразиялық көлік дәліздерінің құрамына кіретін ЕАЭО мемлекеттерінің автомобиль жолдары бойынша қозғалатын көліктердің рұқсат етілген массаларына, осьтік жүктемелеріне және габариттеріне бірыңғай талаптарды белгілейді. Мысалы, Қазақстанда мұндай бағытқа М-32/А-24 Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Мәртөк – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға дейін) тас жолы жатады.
Құжат жолдарда көлік құралдарын өткізудің техникалық мүмкіндіктеріне негізделген минималды талаптарды қамтиды. Бүгінгі таңда ЕАЭО елдерінде әртүрлі нормалар қолданылады, бұл тасымалдаушылар үшін қиындықтар туғыза отырып, белгіленген параметрлерден асып кеткені үшін айыппұл салуға әкеп соғады. Келісімге қол қоя отырып, осы шектеулерді жоюға және еуразиялық көлік дәліздеріне енгізілген жолдармен жүктерді тасымалдау үшін бірыңғай жағдайлар жасауға мүмкіндік туады.
Осылайша, ЕАЭО шеңберінде отандық жүк иелері мен тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалмақ: көліктердің салмағына, жүктемелері мен өлшемдеріне қойылатын жалпы стандарттар мен талаптар белгіленетін болады, бұл шекараларды кесіп өту рәсімін жеңілдетіп, көлік операцияларының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады.
Еске сала кетейік, Еуразиялық көлік дәліздері мен бағыттардың тізбесі ЕЭК Алқасының 2021 жылғы 26 қазандағы № 175 өкімімен бекітілген болатын.