Астанада Конституция күніне орай эстрада жұлдыздарының мерекелік концерті өтеді

CC0 / Pexels / Микрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 тамыз - Sputnik. 30 тамыз – ҚР Конституциясы күні аясында Орталық саябақтағы Амфитеатрда эстрада жұлдыздарының қатысуымен ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Мерекелік кеште Жұбаныш Жексен, "Нұрлан мен Мұрат", Маржан Арапбаева, Әділет Жауғашар, Зарина Омарова, "ДОС", Құрал Молжан, МұхаммедАли Жүгінісов, Әбілхайыр Жексен, "akimmmich", "AYKA" "VID MEN" тобы, "Бәйтерек" тобы сияқты және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Мекенжайы: Тұран даңғылы 2/6, Амфитеатрдың сыйымдылығы 1700 орын.
Басталуы: сағат 18:00.
Жаңалықтар
0