https://sputnik.kz/20240828/zhambyl-oblysynda-audan-akiminin-mindetin-atqarushy-para-algany-ushin-sottaldy-46636037.html
Жамбыл облысында аудан әкімінің міндетін атқарушы пара алғаны үшін сотталды
Жамбыл облысында аудан әкімінің міндетін атқарушы пара алғаны үшін сотталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 тамыз - Sputnik. Жамбыл облысында Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы жемқорлық жасағаны үшін сотталды. 28.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-28T09:13+0500
2024-08-28T09:13+0500
2024-08-28T09:13+0500
жамбыл облысы
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:192:3001:1880_1920x0_80_0_0_0de4afdb79c701144fcdfde69b3da1e8.jpg
АЛМАТЫ, 28 тамыз - Sputnik. Жамбыл облысында Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы жемқорлық жасағаны үшін сотталды.Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты пара алғаны үшін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С. Төлегеновке, аталған ауданның қаржы бөлімінің басшысы Т. Әділбаевқа және жеке компания өкілі А. Шұбаевқа қатысты үкім шығарды.Сот үкімімен С. Төлегенов пен А. Шұбаевқа 12 млн теңгеден, Т. Әділбаевқа 26 млн теңге айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. ҚР Қылмыстық Кодексінің 41-бабына сәйкес, айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_84:0:2751:2000_1920x0_80_0_0_556a91bc70c41ebd228d21c149216b02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, сыбайлас жемқорлық
жамбыл облысы, сыбайлас жемқорлық
Жамбыл облысында аудан әкімінің міндетін атқарушы пара алғаны үшін сотталды
АЛМАТЫ, 28 тамыз - Sputnik. Жамбыл облысында Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы жемқорлық жасағаны үшін сотталды.
Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты пара алғаны үшін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С. Төлегеновке, аталған ауданның қаржы бөлімінің басшысы Т. Әділбаевқа және жеке компания өкілі А. Шұбаевқа қатысты үкім шығарды.
"С. Төлегенов пара алғаны, ал Т. Әділбаев мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс жөніндегі функцияларды лауазымдық міндеттерінен алып тастамағаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін С. Төлегеновке 400 мың теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Бұдан бөлек, Т. Әділбаев Мойынқұм ауылының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстарға жедел ақы төлегені үшін А. Шұбаевтан 600 мың теңге сомасында пара алған", – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сот үкімімен С. Төлегенов пен А. Шұбаевқа 12 млн теңгеден, Т. Әділбаевқа 26 млн теңге айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. ҚР Қылмыстық Кодексінің 41-бабына сәйкес, айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады