"Русатом Оверсиз" өкілі салынып жатқан АЭС үшін қызметкерлер қалай дайындалатынын айтты

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстана, 28 августа, на сессии Международной выставки ядерных технологий KazAtomExpo
Астана, 28 августа, на сессии Международной выставки ядерных технологий KazAtomExpo - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. "Русатом Оверсиз" АҚ вице-президенті Леош Томичек "ҚазАтомЭкспо" халықаралық ядролық технологиялар көрмесінде өткен панельдік сессияда салынып жатқан атом электр станциялары үшін кадрлар қалай дайындалып жатқаны туралы айтты.
"Барлық жерде атом электр станцияларын салумен қатар біз кадрларды дайындап жатырмыз, өйткені онсыз атом электр станциясын салу және пайдалану мүмкін емес. Бейіндік институттарда жүздеген маман дайындалуда. Жалпы бізде ішінде атом кафедралары, атомдық бағыттар бар 18-ге жуық институт бар", - деді Леош Томичек.
Қазір Өзбекстаннан, Бангладештен және "Росатомның" жобалары бар барлық елден көптеген жасты білім алуға шақырамыз, деді ол.
Айта кетері, "Росатом" бүгінде 7 елде, яғни, Түркия, Мысыр, Қытай, Үндістан, Бангладеш, Венгрия, Иранда атом электр станцияларын салып жатыр.
"Русатом Оверсиз" АҚ коммерциялық сутегі жобаларын әзірлеу бойынша "Росатомның" интеграторы саналады.
Жаңалықтар
0