Қызылорда облысында 3 есірткі алқабы жойылды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2024
Жазылу
Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауға алынды
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында есірткі егумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
"Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері 2022-2023 жылдар аралығында Қызылорда облысы аумағында марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды.
Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауға алынды.
Тергеу аяқталып, іс құжаттарымен танысу процесі жүріп жатыр.
Астана және Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы жойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2024
Астана және Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы жойылды
Жаңалықтар
0