https://sputnik.kz/20240828/mangystau-oblysynda-birneshe-balabaqshaga-100-mln-tengeden-astam-ayyppul-salyndy-46639904.html
Маңғыстау облысында бірнеше балабақшаға 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Маңғыстау облысында бірнеше балабақшаға 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысы прокуратура органдары өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тексеріп жатыр. Бұл туралы облыстық... 28.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-28T12:48+0500
2024-08-28T12:48+0500
2024-08-28T12:48+0500
маңғыстау облысы
балабақша
https://sputnik.kz/img/1401/70/14017067_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_ae43b1d3fa8ab141eaa57139e5beb71c.jpg
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысы прокуратура органдары өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тексеріп жатыр. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.Нәтижесінде санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, білім беру және медициналық қызмет салаларында бұзушылықтар анықталды.Қазіргі уақытта аяқталған тексерулер бойынша 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды.Сондай-ақ, тексеру нәтижесімен 15 балабақшадан (3 мемлекеттік, 12 жеке меншік бала бақша) 72,2 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру дерегі анықталды.Атап айтқанда, 12 жеке меншік балабақшада қатыспаған балалар үшін негізсіз мемлекеттен 47 млн теңге көлемінде қаражат алған.Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Бұдан бөлек, 3 мемлекеттік балабақшаның есепшілерімен 25 млн теңгеге қаражатты жымқыру дерегі анықталып, ҚК-тің 189-бабымен (жымқыру) 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1401/70/14017067_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_cc2ed00054934b8b06c89db26c211463.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, балабақша
маңғыстау облысы, балабақша
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысы прокуратура органдары өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тексеріп жатыр. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Нәтижесінде санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, білім беру және медициналық қызмет салаларында бұзушылықтар анықталды.
Қазіргі уақытта аяқталған тексерулер бойынша 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Сондай-ақ, тексеру нәтижесімен 15 балабақшадан (3 мемлекеттік, 12 жеке меншік бала бақша) 72,2 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру дерегі анықталды.
Атап айтқанда, 12 жеке меншік балабақшада қатыспаған балалар үшін негізсіз мемлекеттен 47 млн теңге көлемінде қаражат алған.
Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұдан бөлек, 3 мемлекеттік балабақшаның есепшілерімен 25 млн теңгеге қаражатты жымқыру дерегі анықталып, ҚК-тің 189-бабымен (жымқыру) 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.