Ақтөбе облысында 10 жастағы қыз аулада тұрған көлікте жанып кетті

© Photo : pixabay.comГорящий автомобиль, иллюстративное фото
Горящий автомобиль, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дон ауылында қайғылы оқиға болды. Үйдің ауласында тұрған ВАЗ маркалы автокөлікте 10 жасар мектеп оқушысы жанып кетті.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қыз бала көліктің ішінен шыға алмаған.
"Көрші үйдің бейнебақылау камераларындағы жазбадан, үйдің ауласында тұрған ВАЗ маркалы автокөліктен өздігінен өрт шыққаны анықталды. Көліктің ішінде болған 10 жастағы қыз бала қаза тапты. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған. Өрттің себебі анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта бала өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2024
Астанадан Баян-Өлгейге бара жатқан автобус түгі қалмай өртеніп кетті
Жаңалықтар
0