Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаның қаржы министрлігі қорғаныс шығындарының көлемін бағалады

© Пресс-служба Минобороны РФ / Медиабанкке өтуДоставка сдавшихся украинских военнослужащих в Севастополь
Доставка сдавшихся украинских военнослужащих в Севастополь - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 тамыз - Sputnik. Жеті айда Украина бюджетінен қауіпсіздік пен қорғаныс саласына бір триллион гривен (24,4 миллиард доллар) жұмсалды, бұл жалпы шығындардың 60 процентін құрайды, деп хабарлады дүйсенбі күні елдің Қаржы министрлігі. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Бір триллион гривен (24,4 млрд доллар – ред.) 2024 жылғы қаңтар-шілдеде қауіпсіздік және қорғаныс саласына арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы қорының шығыстары болып табылады. Бұл жалпы мемлекеттік бюджеттің қор шығыстарының жалпы сомасының 58,1% -ін құрайды", - делінген Украинаның қаржы министрлігінің Telegram-каналында жарияланған хабарламада.
Ведомство бұл ақшаның әскери қызметкерлердің жалақысына, техника, оқ-дәрі, өнімдер, жанар-жағармай сатып алуға жұмсалғанын түсіндірді.
Украина қаржы министрінің орынбасары Ольга Зыкова 21 тамызда Киевке жалғасып жатқан қақтығысқа байланысты 2025 жылы сыртқы қаржыландыруды 12-15 миллиард долларға арттыру қажет екенін айтты.
Жаңалықтар
0