Қазіргі кезеңде атом электр стансасына балама жоқ - энергетика министрі

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкімет отырысында әлем қазір көміртегі бейтараптығына бет бұрып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты халықаралық қаржы институттары көмір электр стансаларының құрылысына инвестиция салудан бас тартады.
"Еліміздегі газ ресурстарының шектеулі болуына байланысты газ генерациясын ауқымды енгізуді жүзеге асыру мүмкін емес. Өз кезегінде, жаңартылатын энергия көздері табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділігіне байланысты электр энергиясын өндірудің сенімді базалық көзі бола алмайды. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, атом электр стансасын салу – шығатын қуаттарды ауыстыру және Қазақстанның энергияға тәуелділігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім. Қазіргі кезеңде атом электр станциясына балама жоқ", — деді Алмасадам Сәтқалиев.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін барлық қажетті жағдай бар екенін атап өтті. Еліміз өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде 1-ші орында және толық ядролық-отын цикліне ие. Халықаралық серіктестермен (АҚШ, Қытай, Франция және Ресей) бірлесіп уранды конверсиялау және байыту кезеңдерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, 2021 жылы Үлбі металлургия зауытының базасында атом электр стансалары үшін дайын ядролық отын өндіретін зауыт ашылды, оның өнімі Қытайға экспортталып жатыр. Ақтауда 25 жыл ішінде әлемдегі алғашқы жылдам нейтронды ядролық реактор (БН-350) сәтті пайдаланылды. Сондай-ақ Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтында зерттеу реакторлары жұмыс істейді, онда атом энергетикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Олардың нәтижелері әлемде жұмыс істеп тұрған атом электр стансаларында практикалық тұрғыда қолданылуында.
"АЭС құрылысы тек энергетикалық және экологиялық міндеттерді шешіп қана қоймай, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Халықаралық серіктестермен бірлескен жобалар Қазақстанды уран өндіруде әлемдік көшбасшы ретінде ғана емес, атом саласындағы жоғары технологиялық шешімдерде де жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Оларға медициналық және мұнай-газ секторы үшін радиоизотоптар, жартылай өткізгіштер және жүйелік тақта өндірісі жатады. АЭС құрылысы материалдар мен жабдықтар өндірісіндегі құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, бюджетке инвестициялар мен салық түсімдерінің ағынын қамтамасыз ете отырып, елдегі технологиялардың дамуына елеулі үлес қосады", — деп атап өтті министр.
АЭС, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2024
Қазақстанда бірнеше АЭС салынуы мүмкін
Жаңалықтар
0