Бурабай ұлттық паркінде су айдындары бейнекамералар арқылы бақыланады

© Photo : Дирекция ГНПП "Бурабай"Озеров Большое Чебачье
Озеров Большое Чебачье - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2024
Жазылу
Дирекция ихтиофаунаны сақтау бойынша қосымша шаралар қабылдады
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. "Бурабай" ұлттық паркінің су айдындары ақылды бейнекамералар арқылы бақыланады, деп хабарлады дирекция.
Smart National Park Burabay ақылды технологияларын дамыту аясында ұлттық парк көлдерінің жағасында бейнебақылау жүйелері орнатыла бастады.
Электронды бақылау алдымен балықшылар жиі баратын Жөкей көлінде қолға алынады. Мұнда заңсыз балық аулау фактілері жиі тіркеледі.
СМАРТ-жүйе су айдынындағы жағдайды оңтайлы бақылауға және заңсыз әрекеттердің жолын кесуге мүмкіндік береді. Оптикалық камералар нақты уақыт режимінде көл акваториясы мен жағалау аймағын үздіксіз бақылайды.
"Біз көлдерде заманауи бейнебақылау технологияларын енгізу арқылы ихтиофаунаны сақтап қана қоймай, сонымен қатар жартастарды бүлдіретіндерге, қоқыс тастайтындарға да тосқауыл қоюды көздеп отырмыз. Келесі жылы Шортан көлінің кезегі келеді. Бірте-бірте Smart National Park Burabay ақылды технологиялары саябақтағы алты ірі көлдің барлығын бақылауға алады", - деді "Бурабай" МҰТП директоры Сергей Быков.
Камералар орналасқан мұнаралар жел генераторын, күн панелін және дизель генераторын қоса алғанда, дербес қуат көздерімен жабдықталады, сол арқылы үздіксіз жұмыс істейді.
Жөкей көліндегі бейнебақылау жүйесі күздің соңына дейін пайдалануға беріледі.
Жаңалықтар
0