Астанада лицензиядан айырылған құрылыс компанияларының тізімі жарияланды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуБашенный кран, архивное фото
Башенный кран, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2024
Жазылу
Жобалық құжаттамадан ауытқығаны үшін бес компанияның құрылыс лицензиясы қайтарылды
АЛМАТЫ, 27 тамыз – Sputnik. Астанада 5 құрылыс компаниясы лицензияның кейбір түрінен айырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі 2024 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер шеңберінде 426 заңбұзушылықты анықтап, оларды жоюға 192 ұйғарым берді.
Сот қаулысымен сапасыз құрылыс-монтаж жұмыстарын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып, жобалық құжаттамадан ауытқығаны үшін бес компания құрылыс лицензиясынан айырылды:
1.
"Пром Строй Гарант Кз" ЖШС ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде көпірлердің, көлік эстакадаларының, тоннельдер мен жол өтпелерінің, нысандарды күрделі жөндеуді және реконструкциялауды қамтитын өзге де жасанды құрылыстардың тірек және қоршау конструкцияларын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға II санаттағы лицензиядан айырылды.
2.
"Granite" ЖШС ғимараттар мен құрылыстардың тірек және қоршау конструкцияларын күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, тұрғызуды, топырақтағы арнайы жұмыстарды қамтитын инженерлік желілер мен жүйелердің кіші түрлері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға ІІ санаттағы лицензиядан айырылды.
3.
"Ғимараттар мен құрылыстар құрылысы" ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиядан айырылды.
4.
"Sheberbuild" ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 2023 жылғы 18 қазандағы №23022845 лицензиясынан айырылды.
5.
"Астана-Көктем С" ЖШС 2022 жылғы 25 қарашадағы №0000360 ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде көпірлердің, көлік эстакадаларының, тоннельдер мен жол өтпелерінің, нысандарды күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде шатыр жабындарын қоса алғанда, тірек және қоршау конструкцияларын тұрғызудың, монолитті орнату, сондай-ақ құрама бетон және темірбетон конструкцияларын монтаждау, қабырғалар мен бөлімдердің дана элементтерін қалау және ойықтарды толтыру, топырақтағы арнайы жұмыстар, оның ішінде негіздерді салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға лицензиясынан айырылды.
Жаңалықтар
0