https://sputnik.kz/20240827/astanada-atom-energetikasyna-arnalgan-korme-ashyldy-46619433.html
Астанада атом энергетикасына арналған көрме ашылды
Астанада атом энергетикасына арналған көрме ашылды
Sputnik Қазақстан
Сәтқалиев атом энергетикасы Қазақстан үшін негізгі қуат көзіне айналатынын атап өтті 27.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-27T16:50+0500
2024-08-27T16:50+0500
2024-08-27T16:50+0500
көрме
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1b/46616078_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_6391ed616c1f0d921bc4ff6442000f19.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Астанада ядролық технологиялар мен атом энергетикасына арналған KazAtomExpo халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.Көрменің ерекшелігі Қазақстанда атом электр станциясын салуға арналған технологияларды жеткізушілер ретінде қарастырылатын әлемдік жетекші компаниялар қатысып жатыр. Олардың қатарында "Қытай ұлттық ядролық корпорациясы" (CNNC), "Кореяның су және ядролық энергетикалық корпорациясы" (KHNP), "Électricité de France" (EDF), сондай-ақ ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясы бар.Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом энергетикасы Қазақстан үшін негізгі қуат көзіне айналып, энергетикалық жүйенің тұрақты дамуына ықпал ете алатынын атап өтті.Министр сондай-ақ атом электр станциясын салу бойынша жоспарланған республикалық референдумды еске салды.Министр Қазақстанның алдында атом өнеркәсібінің болашағына және еліміздің бүкіл энергетикалық жүйесінің тұрақты дамуына елеулі әсер ететін таңдау тұрғанын атап өтті."Бұл таңдау болашақта энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты энергия өндіруді қалай қамтамасыз ететінімізді анықтайды. Әрбір қадам ғылыми деректерге, халықаралық тәжірибеге және тұрақты даму қағидаттарына негізделгені маңызды", - деп түйіндеді министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1b/46616078_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_b03f66002aec73d52f2eda2c50d35c8d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көрме, атом электр станциясы
көрме, атом электр станциясы
Астанада атом энергетикасына арналған көрме ашылды
Сәтқалиев атом энергетикасы Қазақстан үшін негізгі қуат көзіне айналатынын атап өтті
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Астанада ядролық технологиялар мен атом энергетикасына арналған KazAtomExpo халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Көрменің ерекшелігі Қазақстанда атом электр станциясын салуға арналған технологияларды жеткізушілер ретінде қарастырылатын әлемдік жетекші компаниялар қатысып жатыр. Олардың қатарында "Қытай ұлттық ядролық корпорациясы" (CNNC), "Кореяның су және ядролық энергетикалық корпорациясы" (KHNP), "Électricité de France" (EDF), сондай-ақ ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясы бар.
Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом энергетикасы Қазақстан үшін негізгі қуат көзіне айналып, энергетикалық жүйенің тұрақты дамуына ықпал ете алатынын атап өтті.
Министр сондай-ақ атом электр станциясын салу бойынша жоспарланған республикалық референдумды еске салды.
"Ең маңызды міндет – жалпы ұлттық референдум өткізу. Біз әрбір азаматқа өз пікірін білдіріп, энергетикалық жүйеміздің болашақ даму жолын анықтауға мүмкіндік бергіміз келеді. Бұл референдум Қазақстанның атом энергетикасының болашағын айқындаудағы маңызды қадам болмақ", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Министр Қазақстанның алдында атом өнеркәсібінің болашағына және еліміздің бүкіл энергетикалық жүйесінің тұрақты дамуына елеулі әсер ететін таңдау тұрғанын атап өтті.
"Бұл таңдау болашақта энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты энергия өндіруді қалай қамтамасыз ететінімізді анықтайды. Әрбір қадам ғылыми деректерге, халықаралық тәжірибеге және тұрақты даму қағидаттарына негізделгені маңызды", - деп түйіндеді министр.