SCAT ұшағына найзағай тиді – 14 рейстің уақыты өзгерді

© Photo : пресс-служба авиакомпании SCAT Самолет авиакомпании SCAT
Самолет авиакомпании SCAT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2024
Жазылу
Жолаушыларды рейс уақытын алдын ала нақтылап, sms-хабарламалар арқылы тексеріп отыру керек
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағына найзағай тиді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Компания таратқан мәліметке сәйкес, демалыс күндері қатты найзағайдан Boeing 737 ұшағына зақым келген. Қазіргі кезде оны кестеден шығарған. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, мамандар ұшақты тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
"Осыған байланысты әуе компаниясы осы аптада 14 рейстің уақытын өзгертуге мәжбүр. Жолаушыларды рейс уақытын алдын ала нақтылап, sms-хабарламалар арқылы тексеріп отыруды сұраймыз. Бұдан бөлек, scat.kz сайты мен қосымшасында рейстің мәртебесін біліп отыруға болады", - дейді компания мамандары.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Алматы облысында баланы найзағай соқты
Жаңалықтар
0