https://sputnik.kz/20240826/iim-men-qma-qylmystyq-zholmen-alyngan-kiristerdi-zandastyrumen-kuresu-ushin-birigedi-46588166.html
ІІМ мен ҚМА қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен күресу үшін бірігеді
ІІМ мен ҚМА қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен күресу үшін бірігеді
Sputnik Қазақстан
Мұндай ынтымақтастық күрделі қаржылық схемаларды және қылмыстардан пайда табатын адамдарды анықтауға мүмкіндік береді 26.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-26T09:21+0500
2024-08-26T09:21+0500
2024-08-26T09:21+0500
ынтымақтастық
меморандум
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1c/44594059_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_b2729fa4d15558381dd698d005052fad.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысының қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылда күш-жігерді біріктіру бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде ішкі істер министрі Ержан Саденов пен қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов кездесті, деп хабарлайды Polisia.kz.Кездесуде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Құжат кірістерді жылыстатудың жоғары қаупімен байланысты қылмыстарға қарсы күресте ведомстволар арасындағы тығыз өзара іс-қимылды көздейді.Келісім шеңберінде қаржы мониторингі органдарының қызметкерлері полицияның жедел-тергеу топтарының құрамына кіріп, сондай-ақ "follow the money" қағидаты бойынша қаржылық тергеу әдісі енгізілетін болады.Мұндай ынтымақтастық күрделі қаржылық схемаларды және қылмыстардан пайда табатын адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.Министр Ержан Саденов қылмыс киберкеңістікке көшу арқылы өзгерістерге ұшырағанын, қылмыстық жолмен келген кірісті жылыстату үшін көлеңкелі құралдар пайдаланылатынын атап өтті.ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов агенттік ІІМ-ді қаржылық қылмыстармен күресте сенімді серіктес ретінде көретінін атап өтті. Ол екі ведомствоның бірлескен іс-қимылы қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін пайдаланылатын қаржылық схемаларды тиімдірек анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік беретінін айтты.Ведомство басшылары олардың осы бағыттағы бірлескен жұмысы қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы тұрудың жаңа деңгейін қамтамасыз ететініне сенімді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1c/44594059_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_2d61a87d936bb977857a91b0c0410256.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ынтымақтастық, меморандум, ішкі істер министрлігі
ынтымақтастық, меморандум, ішкі істер министрлігі
ІІМ мен ҚМА қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен күресу үшін бірігеді
Мұндай ынтымақтастық күрделі қаржылық схемаларды және қылмыстардан пайда табатын адамдарды анықтауға мүмкіндік береді
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысының қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылда күш-жігерді біріктіру бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде ішкі істер министрі Ержан Саденов пен қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов кездесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесуде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат кірістерді жылыстатудың жоғары қаупімен байланысты қылмыстарға қарсы күресте ведомстволар арасындағы тығыз өзара іс-қимылды көздейді.
Келісім шеңберінде қаржы мониторингі органдарының қызметкерлері полицияның жедел-тергеу топтарының құрамына кіріп, сондай-ақ "follow the money" қағидаты бойынша қаржылық тергеу әдісі енгізілетін болады.
Мұндай ынтымақтастық күрделі қаржылық схемаларды және қылмыстардан пайда табатын адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.
Министр Ержан Саденов қылмыс киберкеңістікке көшу арқылы өзгерістерге ұшырағанын, қылмыстық жолмен келген кірісті жылыстату үшін көлеңкелі құралдар пайдаланылатынын атап өтті.
"Бүгінде Астана мен Қарағандыдағы ведомствоаралық жедел-тергеу топтары есірткі саудасынан түскен ірі кірістерді заңдастыру және притондарды ұстау фактілерін сәтті анықтаған оң мысалдар бар", – деп атап өтті ол.
ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов агенттік ІІМ-ді қаржылық қылмыстармен күресте сенімді серіктес ретінде көретінін атап өтті. Ол екі ведомствоның бірлескен іс-қимылы қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін пайдаланылатын қаржылық схемаларды тиімдірек анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік беретінін айтты.
Ведомство басшылары олардың осы бағыттағы бірлескен жұмысы қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы тұрудың жаңа деңгейін қамтамасыз ететініне сенімді.