Елімізде 2027 жылға дейін квазимемлекеттік компанияларды құруға мораторий енгізілді

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель чиновника, архивное фото
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстанда квазимемлекеттік компанияларды құруға мораторий енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үкімет қаулысына сәйкес, 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін квазимемлекеттік компанияларды құруға тыйым салынып отыр. Бірақ бірнеше жағдайда ондай компанияларды құруға мүмкіндік бар.
"Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңды орындау қажеттілігі;
Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша ерекше жағдайларда;
Қаулы 21 тамыздан бастап күшіне енді.
Айта кетері, биыл Қазақстанда шағын кәсіпкерлік, соның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін барып тексеруге мораторий аяқталған болатын. Бұл мораторий 2020 жылғы 1 қаңтарда жарияланған болатын. Сол сәттен бастап орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатты. Бірақ Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерістер қалды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2024
Экономика
Бизнесті тексеруге мораторий аяқталды
Жаңалықтар
0