Аса ірі алаяқтық жасады деген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2024
Жазылу
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасы.
2019-2022 жылдар аралығында күдікті Тараз қаласындағы банк филиалының қызметкері бола отырып, банк клиенттерінің атынан оларға несие рәсімдеген.
Әрі қарай банк клиенттерінің шоттарына қол жеткізген күдікті несие қаражатын достарының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған.
Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде банк клиенттеріне 60 млн теңге көлемінде залал келтірілген.
"Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. Осы жылдың сәуір айында күдікті Краснодар өлкесінің аумағында ұсталды, содан кейін ол Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жалпы мұндай қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, биыл 350-ден астам жәбірленушіге жалпы сомасы 7 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 11 адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2024
Адам өлтіруге оқталған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Жаңалықтар
0