Олжас Бектенов ОПЕК бас хатшысымен кездесті

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаВстреча Бектенова и генсека ОПЕК
Встреча Бектенова и генсека ОПЕК - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2024
Жазылу
Үкімет басшысы ОПЕК-тің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті
АСТАНА, 26 тамыз - Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен ОПЕК бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс әлемдік мұнай нарығындағы ахуал мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
"Қазақстан ОПЕК+ шеңберінде өзара байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті. Біз әрдайым ұйымның бастамаларын қолдап, басқа елдермен қатар ағымдағы ерікті міндеттемелер бойынша шектеулерді де қабылдап отырмыз", — деді Олжас Бектенов.
Ал Хайтам Әл-Гайс Қазақстанның әлемдік мұнай нарығындағы маңызды рөлін, елімізде қабылданып жатқан шаралардың мұнай нарығындағы теңгерім мен болжамды баға белгілеуді қамтамасыз етуге әсерін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Хайтам Әл-Гайс өзара табысты әрі нәтижелі іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.
Қазақстан 2016 жылдан бері ОПЕК+ келісіміне қатысып келеді. Елімізде 90-нан астам жер қойнауын пайдаланушы мұнай өндірумен айналысады.
Жаңалықтар
0