"Россотрудничество" Қазақстан оқушыларына кітап сыйлады
12:27 24.08.2024 (жаңартылды: 12:57 24.08.2024)
© Photo : Русский дом в АстанеАстанадағы "Русский дом" Көкшетау оқушыларына кітап сыйлады
© Photo : Русский дом в Астане
Жазылу
Көкшетау мен Өскемен оқушыларына әдебиет табысталды
АСТАНА, 24 тамыз - Sputnik. Астанадағы "Русский дом" Көкшетау оқушыларына кітап сыйлады.
Астанадағы "Русский дом" басшының қызметін уақытша атқарушы Сергей Каймашников Көкшетаудағы танымал блогер және қоғам қайраткері Аслан Төлегеновке көркем әдебиетті сыйлыққа тарту етті.
Өз кезегінде Аслан №13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясына А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, И.С.Тургенев, М.Ф.Достоевский, А.С.Грибоедов, М.Е.Салтыков-Щедрин, М.А.Булгаков, А.Н.Островский сынды орыс классиктерінің туындыларын табыстайды .
© Photo : Русский дом в АстанеРусский дом в Астане дарит книги школьникам Кокшетау
Русский дом в Астане дарит книги школьникам Кокшетау
© Photo : Русский дом в Астане
Астанадағы "Русский дом" бастауыш сынып оқушыларына да заманауи балалар жазушыларының кітаптарын сыйлап қуантт ы.
Өскемен қаласындағы С.Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектептің кітапханасы да жаңа әдебиеттермен толықты. Мұнда "Русский дом" 400 дана көркем әдебиет сыйлады. Сыйлықты Өскемендегі "Русский дом" басшысы және вице-консул Александр Дяченко табыстады.