https://sputnik.kz/20240823/qazaqstan-men-qyrgyzstan-biznesinin-ozekti-maseleleri-qaraldy-46551595.html
Қазақстан мен Қырғызстан бизнесінің өзекті мәселелері қаралды
Қазақстан мен Қырғызстан бизнесінің өзекті мәселелері қаралды
Sputnik Қазақстан
Еуразиялық экономикалық комиссия екі елдің кәсіпкерлерімен және мемлекеттік органдарымен кездесу өткізді 23.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-23T20:52+0500
2024-08-23T20:52+0500
2024-08-23T20:52+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/1269/91/12699189_0:85:1616:994_1920x0_80_0_0_effea03328dc942a5dae2f31f693b79d.jpg
АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстан мен Қырғызстан кәсіпкерлері көтерген өзекті мәселелерді қарастырды. Бұл мәселелер көлік және логистика саласына, ЕАЭО-да тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге қатысты болды.Алматыда өткен кездесуде ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев қазіргі жағдайда қауіпсіз және заманауи инфрақұрылымды құра отырып, одақ мемлекеттерінің компаниялары үшін ішкі нарықтарда жүктердің өтуіне қандай да бір кедергілерді қолданудан аулақ болу және көлік-логистикалық қызметтер нарығында бәсекелестік ортаны қолдау өте маңызды екенін айтты."Көлік қызметтері нарығына қатысушылармен тікелей диалог және тікелей байланыс орнату өте маңызды. Біз үшін бұл жекелеген жағдайлардың проблемаларын жақсы түсініп, кедергілерді анықтау және оларды жою үшін интеграциялық жұмыстың тиімділігін арттыру мүмкіндігі", - деп атап өтті Арзыбек Қожошев.Осы мақсаттарға жету үшін бизнес интеграциялық процестерге белсенді қатысуы керек. Сондай-ақ ЕЭК экономика және қаржы саясаты блогының басшылығы бизнес-қоғамдастықпен келесі мәселелерді талқылады:Бұдан басқа, тараптар интеграцияның салалық даму ерекшеліктерін, ЕАЭО-ның басқа елдері тасымалдаушыларының Ресей-Беларусь мемлекеттік шекарасын кесіп өту мәселелерін, ЕАЭО мемлекеттері арасында үшінші елдердің жүктерін тасымалдауды, теміржол тасымалдарына тарифтерді белгілеуді және тағы басқаларды талқылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1269/91/12699189_88:0:1528:1080_1920x0_80_0_0_e7eb423efed79f088cc53a6bec7028ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстан мен Қырғызстан бизнесінің өзекті мәселелері қаралды
Еуразиялық экономикалық комиссия екі елдің кәсіпкерлерімен және мемлекеттік органдарымен кездесу өткізді
АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстан мен Қырғызстан кәсіпкерлері көтерген өзекті мәселелерді қарастырды. Бұл мәселелер көлік және логистика саласына, ЕАЭО-да тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге қатысты болды.
Алматыда өткен кездесуде ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев қазіргі жағдайда қауіпсіз және заманауи инфрақұрылымды құра отырып, одақ мемлекеттерінің компаниялары үшін ішкі нарықтарда жүктердің өтуіне қандай да бір кедергілерді қолданудан аулақ болу және көлік-логистикалық қызметтер нарығында бәсекелестік ортаны қолдау өте маңызды екенін айтты.
"Көлік қызметтері нарығына қатысушылармен тікелей диалог және тікелей байланыс орнату өте маңызды. Біз үшін бұл жекелеген жағдайлардың проблемаларын жақсы түсініп, кедергілерді анықтау және оларды жою үшін интеграциялық жұмыстың тиімділігін арттыру мүмкіндігі", - деп атап өтті Арзыбек Қожошев.
Осы мақсаттарға жету үшін бизнес интеграциялық процестерге белсенді қатысуы керек. Сондай-ақ ЕЭК экономика және қаржы саясаты блогының басшылығы бизнес-қоғамдастықпен келесі мәселелерді талқылады:
одақ елдеріне әкелінетін автокөлік құралдарынан кәдеге жарату алымын арттыру;
экспортталатын жүк көлік құралдарына электронды паспорттарды ресімдеу;
заңсыз темекі өнімдерінің транзиті;
темекі және құрамында никотин бар өнімдерге акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімге өзгерістер;
цемент әкелуге шектеулер енгізу.
Бұдан басқа, тараптар интеграцияның салалық даму ерекшеліктерін, ЕАЭО-ның басқа елдері тасымалдаушыларының Ресей-Беларусь мемлекеттік шекарасын кесіп өту мәселелерін, ЕАЭО мемлекеттері арасында үшінші елдердің жүктерін тасымалдауды, теміржол тасымалдарына тарифтерді белгілеуді және тағы басқаларды талқылады.