https://sputnik.kz/20240823/qazaqstan-men-azerbayzhan-arasyndagy-temirzhol-tasymaly-zhyl-basynan-beri-37-ke-osti-46555481.html
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы теміржол тасымалы жыл басынан бері 37%-ке өсті
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы теміржол тасымалы жыл басынан бері 37%-ке өсті
Sputnik Қазақстан
Әзербайжан темір жолының өкілдері қазақстандықтарға Баку-Тбилиси-Карс бағытының мүмкіндіктерін ұсынды 23.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-23T22:49+0500
2024-08-23T22:49+0500
2024-08-23T22:49+0500
жүк
әзербайжан
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1c/38004075_0:0:3639:2047_1920x0_80_0_0_07838add602908f01d919e2c2df6271b.jpg
АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы теміржол тасымалы 37%-ке, ағымдағы жылдың басынан бері 3,2 миллион тоннаға дейін өсті.ҚТЖ хабарлағандай, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша 1,9 миллион тонна жүк тасымалданған, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 23%-ке жоғары.Осы және басқа көрсеткіштер Әзербайжан темір жолының өкілдерімен өткен кеңесте талқыланды. Іс-шараға қазақстандық жүк жөнелтушілер мен "Атамекен" ҰКП салалық қауымдастықтарының өкілдері қатысты.Мұнда Әзербайжан темір жолының өкілдері модернизациядан кейін Баку – Тбилиси – Карс бағытының мүмкіндіктерін таныстырды.Оның өткізу қабілеті жылына 1 миллион тоннадан 5 миллион тоннаға дейін 5 есе өсті. Олар магистральды электрлендіруді толығымен аяқтап, Ахалкалаки станциясын қайта құрды.Жоба Әзербайжанның бастамасымен орта дәліз бойынша жүк тасымалы құнын төмендету есебінен транзитті ұлғайту үшін іске асырылды. Маршрут Қара теңіз порттарын айналып өтіп, Азия мен Еуропа арасындағы жүктерді жеткізуді жеделдетеді. Бұл теңіз және автомобиль көлігімен салыстырғанда үнемді болады, деп сенеді компания.
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1c/38004075_17:0:2746:2047_1920x0_80_0_0_c4a08427832c2fa63959a463a7b816ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүк, әзербайжан
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы теміржол тасымалы жыл басынан бері 37%-ке өсті
Әзербайжан темір жолының өкілдері қазақстандықтарға Баку-Тбилиси-Карс бағытының мүмкіндіктерін ұсынды
АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы теміржол тасымалы 37%-ке, ағымдағы жылдың басынан бері 3,2 миллион тоннаға дейін өсті.
ҚТЖ хабарлағандай, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша 1,9 миллион тонна жүк тасымалданған, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 23%-ке жоғары.
Осы және басқа көрсеткіштер Әзербайжан темір жолының өкілдерімен өткен кеңесте талқыланды. Іс-шараға қазақстандық жүк жөнелтушілер мен "Атамекен" ҰКП салалық қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
Мұнда Әзербайжан темір жолының өкілдері модернизациядан кейін Баку – Тбилиси – Карс бағытының мүмкіндіктерін таныстырды.
Оның өткізу қабілеті жылына 1 миллион тоннадан 5 миллион тоннаға дейін 5 есе өсті. Олар магистральды электрлендіруді толығымен аяқтап, Ахалкалаки станциясын қайта құрды.
Жоба Әзербайжанның бастамасымен орта дәліз бойынша жүк тасымалы құнын төмендету есебінен транзитті ұлғайту үшін іске асырылды. Маршрут Қара теңіз порттарын айналып өтіп, Азия мен Еуропа арасындағы жүктерді жеткізуді жеделдетеді. Бұл теңіз және автомобиль көлігімен салыстырғанда үнемді болады, деп сенеді компания.