https://sputnik.kz/20240823/premer-ministr-ulytau-oblysynda-zhylu-elektr-ortalygyn-zhangyrtu-barysymen-tanysty-46545873.html
Премьер-министр Ұлытау облысында жылу электр орталығын жаңғырту барысымен танысты
Премьер-министр Ұлытау облысында жылу электр орталығын жаңғырту барысымен танысты
Sputnik Қазақстан
Үкімет басшысы Сәтбаев қаласының 70 мыңға жуық тұрғыны үшін жылу және ыстық су көзі болып саналатын №1 және №2 жылу стансаларын аралады 23.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-23T21:30+0500
2024-08-23T21:30+0500
2024-08-23T21:30+0500
ұлытау облысы
жылу беру маусымы
https://sputnik.kz/img/07e8/08/17/46538798_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_6a459f3b73eeae0d29c293e6375d234a.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық секторы нысандарына барып, инфрақұрылымды жаңғырту қарқынымен танысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Атап айтқанда, үкімет басшысы Сәтбаев қаласының 70 мыңға жуық тұрғыны үшін жылу және ыстық су көзі болып саналатын №1 және №2 жылу стансаларын аралады.Премьер-министрге қазіргі уақытта №1 жылу стансасында күрделі жөндеу және 4 қазандыққа, сондай-ақ газ құбырларына ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатқаны туралы баяндалды.Жезқазған ЖЭО-да да жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 13,5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда №5 қазандық агрегатына күрделі жөндеу жасалып, жұмыстың 60%-ы орындалды, сондай-ақ №7 қазандыққа кеңейтілген-ағымдағы жөндеу жоспарлануда.Қазандық агрегаты мен турбоагрегаттарға жүргізілген жөндеу жұмыстарынан соң, тозу көрсеткіші 84%-дан 63%-ға дейін төмендеді. №8 қазандықты жаңғырту 70%-ға орындалды.Олжас Бектенов өңір басшылығына, сондай-ақ "Қазақмыс" корпорациясына жұмыс қарқынын арттыруды, алдағы қысқа дайындықты жедел әрі сапалы аяқтауды тапсырды."Халықты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына, сондай-ақ жалпы өңірдегі жағдайға әсер етеді. "Қазақмыс" корпорациясы Жезқазған ЖЭО бойынша, сондай-ақ Сәтбаев қаласының №1 және №2 жылу стансалары бойынша барлық міндеттемелерін орындауы тиіс. Бұл жерде әкімдік пен корпорация арасында үйлесімді жұмыс жүргізу қажет. Барлығы уақытылы жасалуы керек", — деп тапсырды премьер-министр.Қазіргі уақытта Жезқазған ЖЭО-ның тозуы шамамен 65%-ды құрайды, Сәтбаевтағы қазандықтар 85%-ға тозған. Ұлытау облысында жылыту маусымына дайындыққа 30,2 млрд теңге бөлінді. 10 қазандық дайындалды, 478 шақырым электр беру желілері, 29,8 км су құбырының 22,6 шақырымы жөнделді және 46,4 км газ құбыры салынды.
ұлытау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/17/46538798_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_d960474c97c7408d2d2e02c94575cf96.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлытау облысы, жылу беру маусымы
ұлытау облысы, жылу беру маусымы
Премьер-министр Ұлытау облысында жылу электр орталығын жаңғырту барысымен танысты
Үкімет басшысы Сәтбаев қаласының 70 мыңға жуық тұрғыны үшін жылу және ыстық су көзі болып саналатын №1 және №2 жылу стансаларын аралады
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық секторы нысандарына барып, инфрақұрылымды жаңғырту қарқынымен танысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, үкімет басшысы Сәтбаев қаласының 70 мыңға жуық тұрғыны үшін жылу және ыстық су көзі болып саналатын №1 және №2 жылу стансаларын аралады.
Премьер-министрге қазіргі уақытта №1 жылу стансасында күрделі жөндеу және 4 қазандыққа, сондай-ақ газ құбырларына ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатқаны туралы баяндалды.
Жезқазған ЖЭО-да да жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 13,5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда №5 қазандық агрегатына күрделі жөндеу жасалып, жұмыстың 60%-ы орындалды, сондай-ақ №7 қазандыққа кеңейтілген-ағымдағы жөндеу жоспарлануда.
Қазандық агрегаты мен турбоагрегаттарға жүргізілген жөндеу жұмыстарынан соң, тозу көрсеткіші 84%-дан 63%-ға дейін төмендеді. №8 қазандықты жаңғырту 70%-ға орындалды.
Олжас Бектенов өңір басшылығына, сондай-ақ "Қазақмыс" корпорациясына жұмыс қарқынын арттыруды, алдағы қысқа дайындықты жедел әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
"Халықты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына, сондай-ақ жалпы өңірдегі жағдайға әсер етеді. "Қазақмыс" корпорациясы Жезқазған ЖЭО бойынша, сондай-ақ Сәтбаев қаласының №1 және №2 жылу стансалары бойынша барлық міндеттемелерін орындауы тиіс. Бұл жерде әкімдік пен корпорация арасында үйлесімді жұмыс жүргізу қажет. Барлығы уақытылы жасалуы керек", — деп тапсырды премьер-министр.
Қазіргі уақытта Жезқазған ЖЭО-ның тозуы шамамен 65%-ды құрайды, Сәтбаевтағы қазандықтар 85%-ға тозған. Ұлытау облысында жылыту маусымына дайындыққа 30,2 млрд теңге бөлінді. 10 қазандық дайындалды, 478 шақырым электр беру желілері, 29,8 км су құбырының 22,6 шақырымы жөнделді және 46,4 км газ құбыры салынды.