https://sputnik.kz/20240823/kiev-reseydi-ukraina-boyynsha-zhana-sammitke-shaqyruy-mumkin-46547990.html
Киев Ресейді Украина бойынша жаңа саммитке шақыруы мүмкін
Киев Ресейді Украина бойынша жаңа саммитке шақыруы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Украина бойынша екінші конференцияға Ресей өкілі шақырылуы мүмкін екенін тағы да мәлімдеді 23.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-23T17:33+0500
2024-08-23T17:33+0500
2024-08-23T17:33+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23572317_0:116:3000:1804_1920x0_80_0_0_2835854d09e0a0c8feb68212b0baea43.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Бұған дейін Владимир Зеленский франциялық БАҚ-қа берген сұхбатында бүкіл әлем, тіпті оның өзі де Ресейдің Украинадағы жағдайды реттеу үшін келесі конференцияға қатысуын қалайтынын, әйтпесе ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайтынын айтқан.India Today агенттігіне сұхбат берген Ермактың пікірінше, бірінші конференциядан кейін құрылған жұмыс топтарының қызметі Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің бірлескен жоспарын жасауға әкелуі керек.Шілде айының басында РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин Украина бойынша жаңа саммит тақырыбына түсініктеме бере отырып, ресейлік тарап талаптарды қабылдамайтынын және мұндай шараларға қатыспайтынын айтты.15-16 маусымда Швейцарияда Люцерн қаласының маңындағы Бюргеншток курортында Украинаға арналған конференция өтті. 90-нан астам ел, сондай-ақ ЕО, Еуропа Кеңесі және БҰҰ сияқты сегіз ұйым конференцияға қатысатынын растады. Конференцияға АҚШ президенті Джо Байден, сондай-ақ Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва келмеді. Швейцария Ресей Федерациясына Украинаға қатысты саммитке қатысуға шақыру жібермеді. Кремль Украинадағы қақтығыстағы жағдайды Ресейдің қатысуынсыз шешудің жолын іздеу қисынсыз деп мәлімдеді.Конференция қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеде Запорожье атом электр станциясына бақылауды Киевке қайтару, сонымен қатар Қара және Азов теңіздерінде еркін жүріп-тұруға, барлық әскери тұтқынды айырбастауға және босатуға шақырулар бар. Сондай-ақ құжатта қақтығысты тоқтату үшін барлық тарап арасындағы диалогтың қажеттілігі туралы айтылады. Конференцияғс қатысушылардың 91-інің 77-сі ғана коммюникені қолдады.Алғашында құжатқа Бразилия, Үндістан, Оңтүстік Африка, БАӘ және Сауд Арабиясы, сондай-ақ Армения, Бахрейн, Индонезия, Ливия, Мексика және Таиланд қол қоймағаны анықталды.Кейін Ватиканның баспасөз қызметі РИА Новости агенттігіне Ватиканның Украина бойынша саммит декларациясына қол қоймағанын хабарлады. Тіпті кейінірек Ирак пен Иорданияның Украина бойынша конференциядан кейін бірлескен коммюникеге қол қойған елдер тізімінен шығарылғаны белгілі болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23572317_339:0:3000:1996_1920x0_80_0_0_9aa194b2b45ef2576868d024164dacee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Киев Ресейді Украина бойынша жаңа саммитке шақыруы мүмкін
Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Украина бойынша екінші конференцияға Ресей өкілі шақырылуы мүмкін екенін тағы да мәлімдеді
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Бұған дейін Владимир Зеленский франциялық БАҚ-қа берген сұхбатында бүкіл әлем, тіпті оның өзі де Ресейдің Украинадағы жағдайды реттеу үшін келесі конференцияға қатысуын қалайтынын, әйтпесе ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайтынын айтқан.
India Today агенттігіне сұхбат берген Ермактың пікірінше, бірінші конференциядан кейін құрылған жұмыс топтарының қызметі Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің бірлескен жоспарын жасауға әкелуі керек.
"Біз бұл жоспарды құрғаннан кейін екінші саммитті ұйымдастыруға дайын боламыз. Иә, Ресей өкілін шақырып, осы жоспарды таныстыруға болатын секілді", - деді ол.
Шілде айының басында РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин Украина бойынша жаңа саммит тақырыбына түсініктеме бере отырып, ресейлік тарап талаптарды қабылдамайтынын және мұндай шараларға қатыспайтынын айтты.
15-16 маусымда Швейцарияда Люцерн қаласының маңындағы Бюргеншток курортында Украинаға арналған конференция өтті. 90-нан астам ел, сондай-ақ ЕО, Еуропа Кеңесі және БҰҰ сияқты сегіз ұйым конференцияға қатысатынын растады. Конференцияға АҚШ президенті Джо Байден, сондай-ақ Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва келмеді. Швейцария Ресей Федерациясына Украинаға қатысты саммитке қатысуға шақыру жібермеді. Кремль Украинадағы қақтығыстағы жағдайды Ресейдің қатысуынсыз шешудің жолын іздеу қисынсыз деп мәлімдеді.
Конференция қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеде Запорожье атом электр станциясына бақылауды Киевке қайтару, сонымен қатар Қара және Азов теңіздерінде еркін жүріп-тұруға, барлық әскери тұтқынды айырбастауға және босатуға шақырулар бар. Сондай-ақ құжатта қақтығысты тоқтату үшін барлық тарап арасындағы диалогтың қажеттілігі туралы айтылады. Конференцияғс қатысушылардың 91-інің 77-сі ғана коммюникені қолдады.
Алғашында құжатқа Бразилия, Үндістан, Оңтүстік Африка, БАӘ және Сауд Арабиясы, сондай-ақ Армения, Бахрейн, Индонезия, Ливия, Мексика және Таиланд қол қоймағаны анықталды.
Кейін Ватиканның баспасөз қызметі РИА Новости агенттігіне Ватиканның Украина бойынша саммит декларациясына қол қоймағанын хабарлады. Тіпті кейінірек Ирак пен Иорданияның Украина бойынша конференциядан кейін бірлескен коммюникеге қол қойған елдер тізімінен шығарылғаны белгілі болды.