"Елорда жастары" бағдарламасына өтінім беру 4 қыркүйекте басталады

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуМакет дома на калькуляторе
Макет дома на калькуляторе - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. 4-10 қыркүйек аралығында Астанада "Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылданады. Өтінімді Астана қаласы әкімдігінің қызмет көрсету порталында онлайн беруге болады.
Бұл ретте астаналық 75 жасты баспаналы ету көзделіп отыр.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
Несие сомасы – 18 миллион теңгеге дейін;
Бастапқы жарна – 10 пайыз;
Несие мөлшерлемесі – 5 пайыз;
Несие ұзақтығы – 19 жыл.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда келесі сала қызметкерлері қатыса алады: мұғалімдер; дәрігерлер; ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен қызметкерлері; журналистер; мәдениет саласының қызметкерлері; спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар; әлеуметтік қызметкерлер; коммуналдық сала қызметкерлері; полиция департаменті қызметкерлері; төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері; тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар.
Жаңалықтар
0