https://sputnik.kz/20240823/dushanbede-qazaq-khalqynyn-sandik-qoldanbaly-oneri-kormesi-otti---foto-46538176.html
Душанбеде "Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері" көрмесі өтті - фото
Душанбеде "Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері" көрмесі өтті - фото
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Душанбе қаласында "Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері" көрмесі өтті. 23.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-23T14:29+0500
2024-08-23T14:29+0500
2024-08-23T14:29+0500
тәжікстан
көрме
https://sputnik.kz/img/07e8/08/17/46537568_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_8c82f05fda34401eda38804c916e5d75.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Душанбе қаласында "Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері" көрмесі өтті. Іс-шара Тәжікстан Республикасындағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында ұйымдастырылды. Көрмеге ҚР Ұлттық музейі және Астана қаласы әкімдігінің музейлер бірлестігі дирекциясының қорынан жәдігерлер ұсынылды. Көрменің негізін XVIII – XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрады. Жұртшылық назарына кілемдер, киізден жасалған бұйымдар, зергерлік өнер туындылары, ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар мен ат әбзелдері ұсынылды. Көрменің мақсаты – шетелдік көрерменді қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру. Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан мен Тәжікстанның үкімет мүшелері, саяси қайраткерлер, дипломатиялық корпус пен зиялы қауым өкілдері қатысты.
тәжікстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/17/46537568_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_5090372e9e989fdbb7f133f4dc3bb28f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәжікстан, көрме
Душанбеде "Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері" көрмесі өтті - фото
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Душанбе қаласында "Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері" көрмесі өтті.
Іс-шара Тәжікстан Республикасындағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында ұйымдастырылды. Көрмеге ҚР Ұлттық музейі және Астана қаласы әкімдігінің музейлер бірлестігі дирекциясының қорынан жәдігерлер ұсынылды.
Көрменің негізін XVIII – XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрады. Жұртшылық назарына кілемдер, киізден жасалған бұйымдар, зергерлік өнер туындылары, ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар мен ат әбзелдері ұсынылды.
Көрменің мақсаты – шетелдік көрерменді қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру. Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан мен Тәжікстанның үкімет мүшелері, саяси қайраткерлер, дипломатиялық корпус пен зиялы қауым өкілдері қатысты.