Тоқаев пен Эмомали Рахмон Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПодписание документов по итогам официального визита президента Казахстана в Душанбе
Подписание документов по итогам официального визита президента Казахстана в Душанбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа салтанатты түрде қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президентінің Тәжікстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Тәжікстан Республикасының Орталық сайлау және референдум жөніндегі комиссиясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрлігі арасындағы мұнай-газ саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығын инновациялық және цифрлық дамыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;
Жаңалықтар
0